Шымкентте «Жылу сыйла» қайырымдылық акцисы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем ретінде тегін көмір таратылды. Шараны ұйымдастырушы «Шұғыла» қоғамдық қоры қызметкерлерімен бірге жүзден аса ерікті қаладағы Ақжар, Ақтас, Қайнарбұлақ, Достық шағын аудандарында тұратын әлеуметтік көмекке зәру 70 отбасының әрбірінің үйіне екі тоннадан көмір жеткізіп берді.