Сібірдің шалғайдағы қиырында – Хакасиядағы Саян тауларының батысында Агафья Лыкова қоғамнан саяқ өмір кешіп жатыр. Оның отбасы тайгаға Агафья дүниеге келмей тұрып, Иосиф Сталин басқарған совет өкіметінің діни ағымдарға қарсы жүргізген қуғын-сүргін саясатынан қашып барған. Осыдан отыз жыл бұрын әкесі дүние салғаннан кейін Агафья Лыкова жалғыз өзі қалған. Ол тұратын жерге ең жақын деген ауылға жаяулатып екі аптада жетуге болады. Жапан далада жалғыз өзі тіршілік етіп жатқан Агафья электр мен байланыс құралдарын, сіріңке, дәрі-дәрмек сияқты заттарды пайдаланбайды. Азаттық 2015 жылы қазан айының басында әзірленген фоторепортажды ұсынады.