Accessibility links

Рахмонның жоғары биліктегі ширек ғұмыры

Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.

Елі тәуелсіздік алғанда совхоз директоры болған Эмомали Рахмон бес жылға созылған азамат соғысы басталған 1992 жылы 16 қарашада сол кездегі парламент – Тәжікстан жоғарғы советінің төрағасы ретінде бекітілді. Бұл кезде президент лауазымы жойылған болатын. Ал 1994 жылы 6 қарашада өткен президент сайлауында Эмомали Рахмон елдің үшінші президенті болып сайланды. Сол сайлауда екі мәселе – президентті сайлау және билік жүйесінде президент лауазымын қайта енгізген жаңа конституция жобасы дауысқа салынды. Содан бері бұл елде президент сайлауы үнемі 6 қарашада өтіп отырған. Тәжікстанда соңғы рет президент сайлауы 2013 жылы өткен. Сонда ол ресми мәлімет бойынша 84,23 пайыз дауыс жинап, қайыра президент болып сайланған. 2016 жылы өткен конституциялық референдум нәтижесінде Эмомали Рахмонның президенттік өкілеттік мерзіміне қойылған шектеуді жою, президенттікке кандидаттың жасын 35-тен 30-ға дейін азайту заңмен бекітілді. Осы реформа нәтижесінде президент Рахмон «тәуелсіздік негізін қалаушы, пешво-е меллат - ұлт көшбасшысы» деп жарияланды.

Тоғыз баланың әкесі Эмомали Рахмонның перзенттері де лауазымды қызмет атқарады.

XS
SM
MD
LG