Түркия прокуратурасының мәліметі бойынша, Redhack хакерлер тобы 1997 жылдан бері интернет қолданушылардың жеке кабинетін бұзып, ақпараттарын пайдаланып отырған. Хакерлер әрекетінен Түркиядағы жеке адамдардан бастап, ірі компаниялар және мемлекеттік органдар зардап шеккен. Прокуратура Redhack тобын «террористік қауіпті ұйым» деп айыптады.
ХАКЕРЛЕР 24 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
АҚШ-тың pt.com порталының жазуынша, хакерлік топ 2012 жылы ақпанда «Түркия полициясының ресми сайтына және одан өзге 350 порталға шабуыл жасаған» деп айыпталған еді. Наурызда осы топтың үш мүшесі қамауға алынды.
Портал «хакерлік топқа «Turkish Airlines әуе компаниясының, мемлекеттегі интернет қауіпсіздігін бақылайтын ұйымның сайттарына да шабуыл жасады» деген айыптар тағылғанын» жазды.
- Түркия прокуратурасы маусым айында хакерлік топтың елдегі ішкі істер және әділет министрлігінің веб-сайттарына шабуыл жасағанын анықтады. Егер Redhack тобының кінәсі дәлелденсе, оның мүшелері сегіз жылдан 24 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тергеушілер «бұл топтың халықаралық Anonymous хакерлік тобымен байланысы бар» деген ақпаратты да таратты, - деп жазады pt.com сайты.
«БІЗ АҚПАРАТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАЛАЙМЫЗ»
Redhack тобының мүшелері Түркияның Hürriyet Daily газетіне арнайы мәлімдеме жасап, кінәсіз екендіктерін мәлімдеді.
- Біз жай ғана ақпараттың ашықтығын талап еткіміз келді. Халық білуі тиіс ақпараттарды билік жариялап отыруы керек. Біздің ешқандай террористік топқа қатысымыз жоқ. Барлығын демократия заңына сай жасадық. Біз интернетте жаңалық жариялайтын жай ғана адамдармыз, - дейді топ мүшелері.
Үш айдан бері қамауда отырған 18 жастағы студент Угур Сихан Октулумас (Uğur Cihan Okutulmuş) Daily News басылымына берген сұхбатында:
- Мені және достарымды «Анкарадағы полиция департаментінің сайтын бұзды» деп айыптап жатыр. Бірақ мен веб-сайттарды бұзатындай компьютерді жақсы қолдана алмаймын. Бізді дәлелсіз айыптап отыр, - деді.
Хакерлік әрекетке қатысы бар деп айыпталған тағы бір студент Дугу Керимоглы да «бізге тағылған айып заңсыз» дейді.
- Болашақ мамандығым - компьютер бағдарламашысы. Бірақ компьютерді енді үйреніп жатырмын. Компьютерімде хакерлік бағдарлама жоқ. Егер хакерлік бағдарламаларды жақсы меңгерсем, екі жыл бойы колледжде оқып жүрмес едім, - дейді ол.
«ОЛАР ҚАРУ ҚОЛДАНЫП, БИЛІККЕ ҚАРСЫ ШЫҚҚАН ЖОҚ»
Түркиядағы революциялық –халықтық партияның өкілдері Redhack тобының мүшелерін «Маркстік, лениндік, сепаратистік топтардың мүддесін қорғап жүр. Олар нақты осы топтарға кірмесе де, солардың тапсырмасын орындап отыр» деп айыптады.
Түркиялық заңгер Явуз Мавиоглы «Егер хакерлік топтың кінәсі дәлелденсе, көп уақытқа қамауға алынуы мүмкін» екенін айтты.
- Түркияның антитеррорлық заңында саяси хакерлік туралы бөлім бар екенін ескерсек, күдіктілерге тағылған айып дәлелденсе, олар ұзақ уақытқа түрмеге қамалады, - деді.
Ал RedHack тобының қорғаушысы Юсуф Гюзель:
- Менің қорғауымдағы топтың мүшелері қару қолданып, билікке қарсы шыққан жоқ. Демек, оларды айыптау негізсіз, - деп мәлімдеді.

Біз жай ғана ақпараттың ашықтығын талап еткіміз келді. Халық білуі тиіс ақпараттарды билік жариялап отыруы керек. Біздің ешқандай террористік топқа қатысымыз жоқ..