Facebook әлеуметтік желісінде қазанның 30-ына қараған түні Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ-де) оннан аса Қазақстан азаматын жергілікті билік орындары ұстап әкеткені туралы хабар енді тарай бастады. Азаттық қамауға алынғандардың кім екенін және неліктен ұсталғандарын анықтап көрді.
«НЕ ҮШІН ҰСТАҒАНЫН БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ»
Дубай қаласында ұсталғандардың екеуі – Батыс Қазақстан облысының тумасы Асылбек Шукранов пен Қуаныш Өтешов екенін туыстары Азаттыққа растады. Асылбек Шукрановтың әпкесі Жұлдыз Шукранова Азаттыққа берген сұхбатында:
– Асылбектің не үшін тұтқындалғанын, тіпті қайда отырғанын да білмейміз. Байланысу мүмкін емес. Ешкім ештеңе айтпайды. Қазір Астанадағы БАӘ елшілігінде жауап күтіп отырмыз. Асылбек ел астанасы Дубайда алты-жеті жылдан бері әйелі Құралаймен және балаларымен бірге тұрып жатыр. Жеке фирмасы бар, бизнесі де заңды. Бес уақыт намаз оқиды, – деді.
Жұлдыз Шукранованың айтуынша, Асылбек Шукранов Дубайда Invest General Trading LLC компаниясын ашып, автокөлік бөлшектерін тасымалдаумен айналысады. Ол Азаттыққа тұтқындалғандардың қатарында Қуаныш Нұрым деген жігіттің бар екенін, бірақ ол туралы еш ақпарат білмейтінін айтты.
Туыстарының сөзінше, Асылбек Шукрановпен бірге оның жанындағы туысқаны Қуаныш Өтешовті де тұтқындап, алып кеткен. Қуаныш Өтешов – Асылбек Шукрановтың туған балдызы.
Қуаныш Өтешовтің әкесі Азаттыққа берген сұхбатында ұлының Дубайда алты күн бұрын тұтқындалғанын растады.
– Біз Орал қаласынанбыз. Ұлым Қуаныш және келінім үш немереммен бірге қазанның 23-і күні Дубайға демалуға кеткен. Қарашаның 5-і күні елге қайтулары керек болған. Қазанның 30-ы күні күйеу балам Асылбектің үйіне белгісіз адамдар кіріп, ешқандай құжаттарын көрсетпей, екеуінің қолын қайырып алып кеткен. Қазір Қуаныштың әйелі елге қайта алмай отыр. Өйткені үш немеремнің жеке бас мәліметі Қуаныштың паспортына жазылған. Ұлым болмаса, олар елге келе алмайды. Қазір Астанада БАӘ елшілігінен бір хабар күтіп жүрміз. Олардың не үшін ұсталғанын білгіміз келеді, – деді Қуаныш Өтешовтің әкесі.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, Дубайда ұсталғандардың ішінде Назарбек Қапашев есімді қазақстандықтың да есімі аталады.
«ДУБАЙ ПОЛИЦИЯСЫ БЕЙХАБАР БОЛУЫ МҮМКІН»
Азаттық Дубай полициясына хабарласып, нақты қанша қазақстандықтың не себепті қамауға алынғанын сұрады. Полиция өкілі Азаттық тілшісіне қазақстандықтар туралы әзірше ешқандай мәлімет бере алмайтынын айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов қарашаның 4-і күні Азаттыққа «әзірге БАӘ-ден ешқандай жауап келмегенін, ресми хабар күтіп отырғанын» мәлімдеді.
Ал Әбу-Дабидегі аты-жөнін жарияламауды өтінген сенімді ақпарат көзі Азаттыққа «Дубайдағы қазақстандықтарды ұстау операциясын Қазақстан мен БАӘ-нің арнайы қызмет орындары бірлесіп жүзеге асырған» деген мәлімет айтты. Оның cөзінше, бұл операция туралы Дубай полициясы бейхабар қалған болуы керек, ал қамауға алынған қазақстандықтар кемінде 30 күнге дейін босатылмауы мүмкін. Ақпарат көзінің болжауынша, тұтқындалғандар «Сириядағы қазақстандықтар» мәселесі бойынша да күдікке ілінуі ықтимал.
Азаттық бұған дейін «Сирияға діни сеніміне сәйкес қоныс аударған ондаған қазақстандық» туралы YouTube-те жарияланып, қызу талқылау тудырған видеоға түскен бірнеше адамның тұлғасын анықтаған еді. Олардың ішінде аталған ерлі-зайыпты Нұрлан Қаматаев пен Мадина Мырзаханованың үш баласын алып «Дубайға емделуге кеткені» айтылған. Кейін туыстары бұлардың үш баласын аталған видеодан көріп таныған болатын.

Ұлым Қуаныш және келінім үш немереммен бірге қазанның 23-і күні Дубайға демалуға кеткен. Қарашаның 5-і күні елге қайтулары керек болған.Қуаныш Өтешевтің әкесі