Украина келіссөз тобының жетекшісі Давид Арахамия Ресеймен бейбіт келіссөзге қол қою үшін Ресей әскері 24 ақпаннан бері Украинада басып алған барлық аумақтан шығуы тиіс деп мәлімдеді.
"Бейбіт келіссөзге қол қою үшін Ресей әскерилері барлық жерден кетуі керек. Сонда ғана келісімді жинақтап, реттеп, қол қоюға отырамыз" деп жазды ол.
Кеше, 29 наурызда бұл туралы Украинаның БҰҰ тұрақты өкілі Сергей Кислица да айтқан.
Кремль Украина тарабының бұл мәлімдемесіне қатысты ештеңе айтқан жоқ. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "біз келіссөзде талқыланған мәселелерді сыртқа шығармаймыз, келіссөз тыныш өтуі тиіс" деді.
Зеленскийдің кеңесшісі: Соғыс әлі бір аптаға я бір аптадан аса уақытқа созылады
Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович "соғыс әлі бір аптаға я бір аптадан аса уақытқа созылады" деп санайды. Бұл туралы ол Украина телевидениясындағы телемарафонда мәлімдеді.
Арестовичтің пайымдауынша, Ресей Украина әскерилерінің жолын бөгеу үшін Киев түбінде кейбір контингентін қалдырады.
Арестович Ресей Донецк пен Луганск облысына әскерилерін жылжытып, сол облыстардағы Украина әскерилерін қоршауға алмақ деп болжайды.
БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан 4 млн адам шетелге босып кеткен
"2,3 млн адам Польшаға, 608 мыңнан аса адам Румынияға, 387 мың адам Молдоваға, 365 мың адам Венгрияға кетті" дейді БҰҰ.
Николаев әкімшілігіне шабуылдан 14 адам қаза болды
Николаев қаласындағы облыстық әкімшілікке жасалған шабуылдан кемі 14 адам қаза болды. Құтқарушылар 13 адамның сүйегін үйінді астынан тапқанын хабарлады. Бір адам ауруханада көз жұмды.
36 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.
ПІКІРЛЕР