Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

13:05 23.3.2022

Бірнеше аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласының спутниктер түсірілген суреті. Украина билігі қалада әлі 100 мыңдай адам қалды дейді. Олардың көбі жертөледе өмір сүріп жатыр. Мариуполь билігінің мәлімдеуінше, соғыс басталғалы қалада екі мыңнан аса адам қаза болған.

12:02 23.3.2022

Черниговте әуе шабуылынан қаладағы маңызды көпір қираған. Бұл көпір арқылы қалаға гуманитарлық көмек жеткізіліп, осы көпірмен эвакуациялық автобустар жүрген еді.

Ресейлік әскерилердің Бровары қаласындағы азық-түлік қоймасын атқылағаны хабарланды. Халық депутат Галина Третьякованың сөзінше, шабуылдан ондаған тонна жеміс-жидек пен ет жойылған.

Ресей әскерилері бақылау орнатқан Херсон қаласында наразылық жалғасып жатыр. 22 наурызда Ресей басқыншылары наразылыққа шыққандарды көзден жас ағызатын газ шашып таратқаны хабарланған.

Соғыс уақытында деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

11:48 23.3.2022

Азаттық Украинадағы соғыстан жазбаша трансляциясын жалғастырады. 23 наурыз түске дейін не белгілі? Қысқаша шолып шығыңыз:

  • Соғыс басталғалы Украинада 121 бала қаза болып, 167 бала жараланған. Бұл туралы Украина бас прокуратурасы хабарлады.
  • Батыс барлаушылары Ресей Украинадағы соғыста он мың әскериінен айырылды деп санайды.
  • Британия барлаушылары Ресей әскерилері бақылау орнатқан Украина қалаларында тұрғындар наразылығы күшті болып тұр деп мәлімдеді.
  • Украина президенті Владимир Зеленский "Путиннің Ресейді үлкен апаттан сақтап қалу үшін бір ғана мүмкіндігі бар, ол - бейбіт келіссөзге келу" деді.
  • Бүгін, 23 наурызда Брюссельде НАТО саммиті өтеді. Бұған АҚШ президенті Джо Байден қатыспақ. Ал Зеленский саммитке видеобайланыс арқылы қосылады.
  • Бүгін Ақ үй Ресейге кезекті санкциялар пакетін жарияламақ. Бұл жолы Ресей мемлекеттік думасының депутаттарына шектеу қойылмақ.
22:45 22.3.2022

Украинадағы соғыста қаза тапқан тәжік азаматы Тәжікстанда жерленді

Украинадағы соғыста қаза тапқан тәжік азаматы өз ауылына жерленді. Бұл жөнінде Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Ресей мен Тәжікстан билігі бұл ақпаратты растамай отыр.

Озоди радиосының хабарлауынша, Украинадағы соғыста кемінде төрт тәжік азаматы қаза тапқан. Олар Тәжікстанның Хатлон және Соғды облыстарының тумасы болған.

17 наурызда Хатлон облысының Хамадони ауданындағы Тудабойон ауылында Ресей армиясының жауынгері, 50 жастағы Саидакбар Саидов жерленді. Украинадағы соғыста қаза тапқан оның денесін Ресейдің Тәжікстандағы 201-ші әскери базасының бірнеше офицері алып келген. Ол Украинаның қай ауданында, қандай жағдайда қаза тапты, ол жағы нақты айтылмайды.

Ауыл әкімі мен қаза болған жігіттің бауыры Саидакбардың Ресей азаматы екенін, сол елдің қарулы күштерінде қызметте болғанын айтты. Азаттықтың Тәжік қызметінің ақпараты бойынша, Саидов Совет одағы құлаған соң бірден Ресей азаматтығын алған, бес баласы бар.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG