Украинадағы соғыста қаза тапқаны расталған балалар саны 128-ге жетті
24 наурыздың таңындағы жағдай бойынша, Ресей Украинаға басып кіргелі елде 128 бала қаза тапқан, 172 адам жарақат алған. Бұл туралы Украинаның бас прокуратурасы хабарлады.
Ресей әскері басып алған Бердянск тұрғындары қала портындағы жарылыс туралы хабарлады
Қала тұрғындары Ресейдің бір кемесі батып кеткенін, екі ұшақтан түтін шыққанын айтады. Сондай-ақ қару-жарақ пен жанармай қоймасы жойылған. Украина қарулы күштері де Ресейдің кемесін ("Орск" десант кемесі) жойғанын мәлімдеді. Бұл ақпарат туралы өзге дерек әзірге жоқ.
Франциялық көлік өндіруші Renault компаниясының директорлар кеңесі Мәскеудегі зауытын тоқтату жөнінде шешім қабылдады.
"АВТОВАЗ-дағы үлесімізге келсек, Renault Group қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресейдегі 45 мың қызметкеріне жауапкершілік таныта отырып қолжетімді қадамдарды қарастырып жатыр» делінген компанияның ресми сайтында.
АҚШ президенті Брюссельде. Джо Байден НАТО-дағы одақтастарымен Украинадағы соғысты талқыламақ
Украинадағы соғыс екінші айға ұласқан тұста АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде одақтас елдердің басшыларымен Ресейге қарсы экономикалық қысымды күшейту мәселесін талқылайды.
Байден Бельгия астанасына сәрсенбі, 23 наурыз күні кешке жеткен. Бейсенбі, 24 наурыз күні ол НАТО-ның төтенше саммитіне, "Үлкен жетіліктің" жиынына және Еуроодаққа мүше 27 елдің саммитіне қатысады. Күн соңында баспасөз мәслихатын өткізеді.
ПІКІРЛЕР