Украина Ресейдің "Изюмды басып алдық" деген мәлімдемесін жоққа шығарады
Украина қарулы күштері Ресей әскері Изюм бағытында ешқандай жетістікке жеткен жоқ деп мәлімдеді. Ведомство "ресейліктер әскери шығынға ұшырап, артқа шегінді" дейді.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Изюм қаласына бақылау орнаттық деген еді.
Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
АҚШ Ресейге санкцияны тағы күшейтті
Бұл жолы шектеуге ілінгендер:
- Мемлекеттік думаның 328 депутаты;
- Ресейдегі 48 қорғаныс мекемесі;
- "Сбер" басшысы Герман Греф;
- Мемлекеттік дума;
- Ресей Орталық банкінің алтынмен жасалатын кез келген операциясы.
АҚШ Украинадан 100 мың босқын қабылдайтынын жариялады. Соғыс басталғалы бұл елден 3,6 млн адам шетелге кеткен. Көбі Еуропа елдеріне қашқан.
Гитлер мен Путиннің үндеулерінде ұқсастық бар. Тыңдап көрейік
Песков "Шойгу Путинмен Қауіпсіздік кеңес жиынына қатысты" дейді. Бірақ жиынның видеосы жарияланған жоқ
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифингіде "Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путин өткізген Қауіпсіздік кеңесінің жиынына қатысты" деді.
Шойгудың мәлімдеуінше, "министр Шойгу арнайы операцияның қалай өтіп жатқаны жөнінде есеп беріп, босатылған аумақтардағы қауіпсіздік қамтамасыз ету және инфраструктураларды қалпына келтіру шаралары жайлы айтқан".
Кремльшіл РИА-Новости агенттігінің тілшілері жиынның видеосын жариялады, онда Шойгудың отырғаны байқалады, бірақ видеоның дыбысы өшірілген.
Кеше, 23 наурызда журналистер Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың 12 күннен бері жұрт көзіне көрінбей кеткенін аңғарған. Бұған алдымен "Медиазона" журналисі Дмитрий Трещанин назар аударды.
Осыдан соң "Агентство" сайты Шойгуды "іздеп", оның ресейлік ақпарат агенттіктерінде соңғы рет 11 наурызда шыққанын жазды. Осы күні Шойгу Түркия сыртқы істер министрі Зулуси Акмармен сөйлескен және әскери госпитальға барып, Украинадағы қақтығыста жараланғандарға наградалар тапсырған еді.
18 наурызда Кремль сайты Шойгудың Путин өткізген Қауіпсіздік кеңесінің жиынына қатысқанын жазды, бірақ жиыннан сурет я видео жарияланбады. Осы күні "Первый каналда" Шойгудың жараланғандарға награда тапсырғаны жайлы сюжет шыққан, бірақ видео кадрлары 11 наурыздағы видеомен сәйкес келеді.
ПІКІРЛЕР