Ресей Украинаға басып кіргеніне тура 30 күн болды. Осы бір айдың ішінде не болды? Әр күні болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығайық.
Байден Украина түбіндегі Польшаға бара жатыр
Жұма, 25 наурыз күні АҚШ президенті Джо Байден Еуропаға сапарының соңғы кезеңінде Польшаға жол тартты. Сапар кезінде АҚШ президенті Польша халқына украиналық босқындарды қабылдағаны үшін алғыс айтпақ. Польша Украинадан қашқан 3,5 миллион босқынның басым бөлігін қабылдады. Соғыс басталғалы Польша аумағына Украинадан 2,2 миллион босқын өтті. Көбі сол елде қалуды ойлап отыр.
Байденді Польша президенті Анджей Дуда қарсы алады. Оңшыл бағытты ұстанатын Дуда демократия нормаларын бұзды деп айыпталған.
Сапар екі күнге созылмақ. Екінші күні Байден Польша халқына үндеу жолдамақ. Ақ үй Байденнің Украинаға көмек қолын ұсынған елдерді атап өтіп, Ресейдің зұлым соғысқа жауапты екенін еске салатынын айтты.
Жапония тағы 25 Ресей азаматының активін бұғаттап, Ресейдің 81 компаниясына экспорттауды тыятын болды
Дипмиссияны қысқарту: Украина Беларусь қадамына қарымта қайтарды
Украина сыртқы істер министрлігі Беларусьтен Киевтегі елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар санын бес адамға дейін қысқартуды талап етті. Бұл туралы бейсенбі, 24 наурыз күні Азаттыққа министрлік өкілі Олег Николенко мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл – Минскінің содан бір күн бұрынғы қадамына жауап.
23 наурыз күні Беларусь үкіметі Брестідегі Украина бас консулдығын жабатынын мәлімдеп, украиналық дипломаттардың бір бөлігі Минскіден кетсін деді, бірақ нақты санды айтпады. Беларусьтің авторитар лидері Александр Лукашенко Ресей Украинаға басып кіргелі Мәскеуге қолдау білдіріп келеді.
ПІКІРЛЕР