Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

11:12 26.3.2022

Илон Маск хакерлер ғаламдық Starlink интернет жүйесін бұзуға тырысқанын хабарлады:

10:49 26.3.2022

Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін елден кетуге мәжбүр болған мың шақты украин баласы Молдовада интернет арқылы оқуларын жалғастырып жатыр.

07:07 26.3.2022

Медведев шетелге кетіп, Ресей билігін сынаған орыстардың әрекетін "сатқындық" деп атады

Шетелге кету – әрбір азаматтың жеке шаруасы, бірақ елден кетіп, Ресейдің Украинадағы әрекетін сынау сатқындық. Ресейдің мемлекеттік РИА "Новости" агенттігіне берген сұхбатында Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев осылай деп мәлімдеді.

"Елден жәй кеткендер мен биліктің шешіміне белсене қарсы шығып, қарсы тарапқа өтіп кеткендер арасында үлкен айырмашылық бар" деді Медведев. Ол бейбіт күндері билікті сынау қалыпты жағдай, ал соғыс немесе арнайы операция кезінде Кремльге сын айтып, Ресейге "жеңіліс тілеуді" сатқындық деп атауға келеді деп санайды.

Дмитрий Медведев.
Дмитрий Медведев.

Ресей әскері президент Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда Украина аумағына басып кірген.

4 наурызда Путин Ресей армиясының әскері туралы жалған ақпарат таратып, әскердің беделіне нұқсан келтіргендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жарлыққа қол қойды. Мұндай әрекетке барғандарға 15 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

22 наурызда мемлекеттік дума Ресей билігінің жұмысы жайлы жалған ақпарат таратқандарға жазаны күшейту туралы түзетулерді мақұлдады. Оған сәйкес, 5 млн рубль немесе он жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин батыстың өмір салтына ұмтылатын адамдарды "сатқындар" деп атаған. Оның сөзіне қарағанда, Батыс елдері сондай адамдарға қолдау көрсетуге тырысады.

21:27 25.3.2022

БҰҰ: Мариупольде кемі 1035 адам қаза болған

БҰҰ миссиясы Ресей әскерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласында шамамен 200 адам бірге жерленген жерді анықтағанын мәлімдеді.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі мониторинг миссиясының Украина бойынша өкілі Матильда Богнер қазір қалада қаза болған бейбіт тұрғындардың санын анықтауға тырысып жатқанын айтты.

"Спутник суреттерден бір жерде адамдар жаппай жерленгенін анықтай алдық. Біздің есебімізше, ол жерде 200-дей мәйіт көмілген" дейді ол.

Матильда Богнердің сөзінше, Мариупольде кемі 1035 бейбіт тұрғын қаза тапқан. БҰҰ өкілі қалада опат болғандар әлдеқайда көп деп отыр.

Бұған дейін Мариуполь билігі қалада қалада қаза болған бейбіт тұрғындар 3 мыңнан асып кетті деп мәлімдеген. Жұрт марқұмдарды қаланың ішіндегі көшеге жерлеп жатқандарын айтқан.

Қоршауда қалған Мариупольде қаза болғандарды көшеге жерлеп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG