Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

22:11 21.3.2022

Мәскеу соты Meta-ны экстремистік ұйым деп танып, Facebook пен Instagram-ға тыйым салды

Мәскеудің Тверь соты Meta корпорациясын экстремистік деп танып, оның жұмысына тыйым салды. Оған тиесілі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері де енді Ресейде заңсыз деп саналады, ал осы ұйымға қарайтын WhatsApp мессенджері жұмыс істей береді.

Сот шешімі бірден орындалуы тиіс.

Сот отырысында қатысқан Федералдық қауіпсіздік бюросы (ФСБ) өкілі "Meta ұйымы Ресейге және оның қарулы күштеріне қарсы жұмыс істеп жатыр" деді.

Бұдан бұрын Ресей прокуратурасы да Meta-ны экстремистік ұйым деп тауып, оның жұмысына тыйым салу керегін айтқан. Прокуратура өкілінің айтуынша, компанияның әлеуметтік желілері қоғамның пікіріне ерекше ықпал етеді.

"Meta компаниясы ресейліктерге қарсы ғадауат тілін қолдануға әдейі рұқсат берді, соның кесірінен балама шынайылық қалыптастырды, сөйтіп Ресейді қолдайтын пікірлер тұншықтырылып, өшпенділік күшейді" деді прокурор.

22:12 21.3.2022

Херсонда облыстық кеңес алдына шығып, оккупацияға қарсылық білдірген жергілікті халыққа Ресей әскері оқ атты. Жарақат алғандар бар.

12:02 22.3.2022

Азаттық Украинадағы соғыстан жазбаша трансляциясын жалғастырады. 22 наурыз таңертеңгі маңызды оқиғаларды шолып шығыңыз:

  • Украинаның әскери штабы "Ресей әскерінің үш күнге жететін тамағы, қаруы, жанармайы қалды" деп мәлімдеді. Зеленский де Украина әскері Ресей басқыншылығын бәсеңдетті дей келе "Ресейдің ешқандай ультиматумын қабылдамаймыз" деді.
  • Зеленский тағы да Путинді кездесуге шақырып, Путинмен кездеспейінше соғыс аяқталмайды деп отыр.
  • Украина бас прокуратурасы: Соғыс басталғалы кемі 117 бала қаза болып, 155 бала жараланды.
  • Украина төтенше жағдай комитеті: Соғыс басталғалы 700-дей тұрғын үй қирады.
  • Ресей соты Meta компаниясын "экстремист" деп таныды. Бұл компанияға тиесілі Facebook және Instagram Ресейде ресми түрде бұғатталды. Роскомнадзор ресейлік медиаға Meta, Facebook және Instagram логотиптерін көрсетуге тыйым салды.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Қырым мен Донбасс туралы Ресеймен келісім украин халқының референдумына шығарылады деп мәлімдеді.
12:52 22.3.2022

22 наурызға қараған түні Кривой Рог қалашығы мен Житомир облысындағы екі ауыл атқылауға ұшырады. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған "Громадське" сайта жазды. Атқылаудан ғимараттар бүлінген, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG