Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

08:08 25.3.2022

БҰҰ Бас ассамблеясы Украинадағы соғысты тоқтатуды талап етті. Қазақстан тағы қалыс қалды

БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясына дауыс беру нәтижесі. 24 наурыз 2022 жыл.
БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциясына дауыс беру нәтижесі. 24 наурыз 2022 жыл.

БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаның бейбіт халқы мен азаматтық инфрақұрылымын қорғау және Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде талаптар жазылған резолюция қабылдады.

24 наурызда мақұлданған Бас ассамблея резолюциясы тек рекомендация сипатындағы құжат. Оны орындау міндеттелмейді.

Ұйымға мүше 193 мемлекеттің 140-ы резолюцияны қолдап дауыс берді.

Төрт мемлекет – Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритрея Ресеймен бірге "қарсы" дауыс берді, 38 мемлекет қалыс қалды. Арасында Қазақстан да бар.

Резолюция Ресейдің Украинаға басқыншылығын дереу тоқтатып, бейбіт халыққа шабуыл жасамауды талап етеді. Құжатта бейбіт халықты, медицина мамандарын, гуманитарлық ұйым қызметкерлерін, сонымен бірге журналистерді қорғау қажеттігі жазылған.

Наурыздың басында да БҰҰ Бас ассамблеясы осыған ұқсас резолюция қабылдаған. Ол кезде де халықаралық ұйым қабылдаған құжат Ресейден Украинаға күш қолдануын тоқтатуды талап еткен еді. Құжатты 141 мемлекет қолдап, бірнеше мемлекет "қарсы" дауыс берген. Ол кезде де Қазақстан қалыс қалған еді. Бұған дейін жергілікті белсенділер Қазақстанның қалыс қалуын сынаған.

Украина және батыс елдері Мәскеуді азаматтық нысандар мен бейбіт халыққа шабуыл жасады деп айыптап келеді. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

10:56 25.3.2022

Дипмиссияны қысқарту: Украина Беларусь қадамына қарымта қайтарды

Украина сыртқы істер министрлігі Беларусьтен Киевтегі елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар санын бес адамға дейін қысқартуды талап етті. Бұл туралы бейсенбі, 24 наурыз күні Азаттыққа министрлік өкілі Олег Николенко мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл – Минскінің содан бір күн бұрынғы қадамына жауап.

23 наурыз күні Беларусь үкіметі Брестідегі Украина бас консулдығын жабатынын мәлімдеп, украиналық дипломаттардың бір бөлігі Минскіден кетсін деді, бірақ нақты санды айтпады. Беларусьтің авторитар лидері Александр Лукашенко Ресей Украинаға басып кіргелі Мәскеуге қолдау білдіріп келеді.

12:22 25.3.2022

Жапония тағы 25 Ресей азаматының активін бұғаттап, Ресейдің 81 компаниясына экспорттауды тыятын болды

12:40 25.3.2022

Байден Украина түбіндегі Польшаға бара жатыр

Жұма, 25 наурыз күні АҚШ президенті Джо Байден Еуропаға сапарының соңғы кезеңінде Польшаға жол тартты. Сапар кезінде АҚШ президенті Польша халқына украиналық босқындарды қабылдағаны үшін алғыс айтпақ. Польша Украинадан қашқан 3,5 миллион босқынның басым бөлігін қабылдады. Соғыс басталғалы Польша аумағына Украинадан 2,2 миллион босқын өтті. Көбі сол елде қалуды ойлап отыр.

Байденді Польша президенті Анджей Дуда қарсы алады. Оңшыл бағытты ұстанатын Дуда демократия нормаларын бұзды деп айыпталған.

Сапар екі күнге созылмақ. Екінші күні Байден Польша халқына үндеу жолдамақ. Ақ үй Байденнің Украинаға көмек қолын ұсынған елдерді атап өтіп, Ресейдің зұлым соғысқа жауапты екенін еске салатынын айтты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG