Украинадағы соғыста қазірге дейін қанша адам опат болды? Статистикаларды шолып шықтық
24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс ашқалы қаза тапқан әскерилер, бейбіт тұрғындар саны жайлы әртүрлі мәліметтен шығып жатыр. Әр статистика әртүрлі. Бір анығы, екі тараптан да адам шығыны көп. Қазірге [17 наурызға] дейін қаза болғандар жайлы қандай ақпараттар бар? Мына мақаладан шолып шығыңыз.
"Украина 24" телеарнасы эфирінің жүгіртпе жолында Украина президентінің Владимир Зеленскийдің атынан "украиналық әскерилерге қаруды тастау жайлы" жалған хабарлама шығып кетті.
Зеленский бұл хабарламаны "баланың қылығы" деп атап, "мен тек Ресей әскерилеріне қаруды тастап, үйлеріне қайтуға шақырамын" деді.
Ал "Украина 24" телеарнасы "Жаудың хакерлерінің ісі, бұл – фейк! Ешкім берілмейді" деп мәлімдеді.
Телеарнаның жүгіртпе жолында шыққан мәтіннің бір бөлігі: "Жағдай қиындап кетті, қатты қиындады. Болашақ жоқ. Әсіресе менде болашақ жоқ. Сіздермен қоштасамын деп шештім. Қаруларыңызды тастап, отбасыларыңызға оралуға шақырамын. Бұл соғыста өлудің қажеті жоқ. Өмір сүріңіздер, мен де өмір сүруді таңдадым".
Украина президенті Зеленский әр күні таңертең 9:00-де соғыста қаза болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Зеленский "Өмірін қиған украиналықтарды – әскерилерді, бейбіт тұрғындарды, ересектерді, балаларды еске аламыз. Ресей соғыс бастамағанда тірі болар еді" деді.
12 наурызда Украина президенті соғыс басталғалы 1300 украиналық әскери қаза болғанын айтқан.
Харьков қаласының төтенше жағдайлар қызметі Ресей соғыс ашқалы қалада кемі 500 бейбіт тұрғын қаза болды деп мәлімдеді.
Украинадағы көлемі жөнінен екінші қала саналатын Харьков соғыс басталғаннан бері шабуылға ұшырап жатыр. ВВС сайты Ресей әскерінің қаланы қоршауға талпынысы қару-жарақтың аздығынан жүзеге аспай жатыр дейді.
Соғыс уақытында бұл деректерді тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес
ПІКІРЛЕР