"Тиктокта сіз туралы көп айтып жатыр"
Зеленский Ресей әскерінің шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындар жатқан Киевтегі ауруханаға барып, науқастардың халін сұрады.
Харьков қаласындағы "Барабашово" базары атқылауға ұшырап, бір құтқарушы қаза болып, біреуі жарақаттанған. Базардағы сауда дүңгіршектері де өртенген. Бұл туралы Харьков мэрі Игорь Терехов хабарлады.
"Барабашово" - Шығыс Еуропадағы ең ірі базар.
Мариуполь қаласының жергілікті билігі Ресей әскерилері қаладағы ғимараттардың 90 пайызын қиратты деп мәлімдеді.
Бұл қаланы бірнеше күннен бері Ресей әскерилері қоршап, шабуылдап жатыр. Жоғарғы рада депутаты Леся Василенко твиттерде қалаға шабуылдың бәрі әуеден жасалғанын айтып, Батыс елдерін Украина аспанын жабуды сұрады.
Мариуполь билігі соғыс басталғалы қалада 2 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеген. Кейінгі үш күнде "гуманитарлық коридор" арқылы қаладан мыңдаған адам эвакуацияланғаны хабарланды.
Әлеуметтік сауалнамалар: Ресейліктердің 71% соғысты қолдайды
Азаттық радиосының Орыс қызметіне келіп түскен тәуелсіз екі әлеуметтік зерттеудің қорытындысындағы дерекке сай, Ресей халқының 71 пайызы Украинадағы соғысты қолдайды.
Сауалнама авторлары 35 жастан асқан ресейліктер мақтаныш, құрмет және үміт сезінетінін айтқан. Ал 18 жасқа дейінгі респонденттердің басым бөлігі түңілетіндерін айтқан.
Сауалнамаға қатысқан бес ресейліктің екеуі (көбі жастар) соғысқа байланысты алаңдаушылық білдірген. 25-44 жастағы ресейліктер «арнайы операция» жайлы айтқанда бойларын қорқыныш билейтінін айтқан. Ал 55 жастан асқандардың көбі Украинамен соғысты қолдайды.
ПІКІРЛЕР