Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Мариупольдегі перзентхана мен аурухана шабуылға ұшырады. Шабуылдың қаншалықты жойқын болғанын көрсетер фотолар

АҚШ Өкілдер палатасы Украинаға көмек ретінде 13,6 млрд доллар бөлуді мақұлдады

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси

Қаржының бір бөлігі украиналық босқындарды қабылдап жатқан Шығыс Еуропа елдеріне бұйырмақ.

Associate Press (AP) агенттігінің хабарлауынша, бұл үшін кей демократ конгресмендер коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болған.

Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси: "Украинада соғыс жүріп жатыр. Бізде мұнда маңызды жұмыс бар" деді.

Енді бұл жоспарды Конгрестің жоғарғы палатасы – Сенат мақұлдауы тиіс.

Қазір Сенатта демократтар мен республикашылдар тепе-теңдікте. Екеуінде де 50 мандаттан. Пелосидің сөзінше, жоспар мақұлдануы үшін демократтардан бөлек кемі 10 республикашылдың дауысы керек.

Украинаға көмек жоспарының ішінде 6,5 миллиард доллар АҚШ-тың Шығыс Еуропаға әскер мен қару-жарақ жіберуіне, 6,8 миллиард доллар босқындардың қамына, одақтастарға экономикалық көмек көрсетуге арналмақ.

Наурыздың басында АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен Украинаға көмек ретінде 10 миллиард доллар бөлуді сұраған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей әскерінің Украина қалаларын құрсауға алуын фашистік Германияның Ленинградты құрсауға алуына теңеді

"Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ленинградтың қалай құрсауға алынғанын әрбір орыс білді. Енді міне тарих қайталанып отыр. Бірақ бұл жолы Ресей үкіметі Украина қалаларын аяусыз аштыққа итермелеп отыр" деді Блинкен.

Ресей үкіметі әуе компанияларына лизингіге алынған ұшақты шетелдік иесіне қайтармауға құқық беретін қаулы жобасын әзірледі

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Көлік министрлігі әзірлеген қаулы жобасы regulation.gov.ru сайтында жарияланған. Құжат мәтініне қарағанда, әңгіме келісімшарты 2022 жылғы 24 ақпанға дейін жасалған ұшақтар төңірегінде болып отыр.

Құжат бойынша, лизинг беруші әуе компаниясынан ұшақты немесе оның қозғалтқышын қайтаруды талап етсе, қайтару туралы шешімді импортты алмастыру жөніндегі үкіметтік комиссия (оны қазір вице-премьер Юрий Борисов басқарады) мақұлдауы тиіс. Мұндай шешім болмаса, әуе компаниясы ұшақты одан әрі пайдалана алады.

Оған қоса, әуе компанияларына жалға алу құнын рубльмен төлеуге рұқсат беріледі. Ал сақтандыру жұмыстарымен ресейлік компаниялар айналысады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG