Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
16:36 6.3.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерінен Украина әуесін қорғау алуға тағы да шақырды

Ұшуға тыйым салынған аймақ деп аталатын бұл әскери жағдай Ливияда, Боснияда және Иракта қолданылған. Мұндай жағдай енгізілсе, рұқсаты жоқ әуе техникасына Украина аумағында ұшуға тыйым салынады.

"Біздің аспанымызды қорғауға әлемнің қауқары жетеді" деді Зеленский жексенбі күнгі үндеуінде.

АҚШ пен Батыс елдері Украина әуесін өз жауапкершілігіне алмайтынын, мұның Ресеймен бетпе-бет келуге әкелетінін айтқан. Бірақ Батыс елдері Украинаға әскери техника жіберіп жатыр. Украина ол көмек жетпейді дейді.

Батыс Ресеймен тікелей соғысқа шығу ядролық апатқа әкеледі деп алаңдайды.

Ал Ресей президенті Владимир Путин 6 наурыз күні үшінші елдердің Украина әуесін қорғауға алуы соғысқа қатысқанмен тең деп мәлімдеді.

16:25 6.3.2022

ОВД-Инфо: Ресейде Украинадағы соғысқа қарсы митингтерде ұсталған адам саны мыңнан асты.

  • Новосибирскіде – 260
  • Екатеринбургте – 202
  • Түменде – 121

Наразылық акциялары Ресейдің орталық аймақтарында басталып жатыр

16:21 6.3.2022

Владимир Зеленский 6 наурыздағы видео үндеуінде Ресей Украина қалалары мен бейбіт тұрғындарды бомбалауды алдын ала жоспарлаған деді. Ол бұл сөзін тұтқынға түскен әскерилердің құжаттарына сілтеп айтып отырғанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский. 6 наурыз 2022 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский. 6 наурыз 2022 жыл.

Зеленский сондай-ақ Ресей халқына жүгінді: "Егер қазір үнсіз қалсаңыздар, алда сіздер үшін кедейліктеріңіз сөйлейді. Ал оған тек репрессиямен жауап береді. Үнсіз қалмаңыздар.

Украина президенті сонымен Ресей әскерінің Одессаны бомбалауға дайындалып жатқанын айтты. "Бұл әскери және тарихи қылмыс болмақ" деді ол.

16:15 6.3.2022

Өзбекстан арнайы қызметі Украинадағы соғыс туралы "дұрыс ақпарат таратпаған" журналистерді шақыра бастады

Украинаның Өзбекстандағы елшілігі алдына қойылған гүлдер.
Украинаның Өзбекстандағы елшілігі алдына қойылған гүлдер.

Өзбекстанда мемлекеттік БАҚ Украинадағы соғыс туралы ақпараттарды өте сирек таратып жатыр. Ал Ресей басқыншылығы туралы жазған журналистер мен блогерлер биліктің қысымына ұшырады.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері бірнеше журналист пен блогер Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тергеу бөліміне шақырылған. Оларға "Украинадағы оқиғалар туралы мақалалардың салдары" жөнінде ескерту берілген.

Аты-жөнін атамауды өтінген блогерлердің бірі"Озодлик" радиосына өзін Ташкентте 28 ақпанда "тергеуге" шақырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, "әңгіме" кезінде арнайы қызмет өкілдері одан Украина жөнінде "өте бейтарап және салмақты" ақпарат таратуды талап еткен.

– Олар маған "бұл өте сезімтал тақырып, сол себепті оқиғалардан ақпарат таратқан кезде өте бейтарап болыңыз" деді, - дейді блогерлердің бірі.

Оған дейін де бірнеше блогер мен журналист әлеуметтік желіде өздерін арнайы қызметке шақырғанын хабарлаған.

26 ақпанда Өзбекстанда танымал Kun.uz интернет-басылымының бас редакторы мен екі құрылтайшысы тергеуге шақырылған. Бұл жөнінде Facebook'те басылым құрылтайшылырының бірі Умид Шермұхаммедов хабарлады.

"Негізі бармаймын деп ойлағанмын, бірақ олар біздің бір тілшіні, орынбасарымызды, сосын әріптесімізді шақырды, енді мені де "асыға күтіп отырған" көрінеді. Олар Украинаны сылтауратып, мені тағы қыспаққа алмақшы" деді Шермұхамедов.

Шермұхамедов те, Kun.uz сайтының өзге құрылтайшылары да әзірге тергеуде не болғанын айтпады. Біраз уақыттан соң Умид Шермұхаммедов Facebook'тағы жазбасын өшірді. Азаттықтың дереккөзінің хабарлауынша, тергеу кезінде интернет-басылым басшылығына Украинадағы жағдай туралы хабар таратуына байланысты ескерту берілген.

Қазір өзбекстандық бірқатар сайттардан Ресейдің Украинаға шабуылдағаны жөнінде мақалалар жоғалып кеткен.

Азаттық президент жанындағы Ақпарат және қоғамдық коммуникация агенттігіне хабарласқанмен түсініктеме ала алмады.

Ресей Украинаға 24 ақпанда басып кірген. Содан бері он күннен астам уақыт өтсе де, Өзбекстан басшысы президент Шавкат Мирзияев та, Өзбекстан СІМ де реакция білдірмеген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG