БҰҰ Адам құқығы жөніндегі басқармасы: Соғыс басталғалы Украинада кемі 406 бейбіт тұрғын қаза болды, оның ішінде 27 бала бар. Кемі 801 бейбіт тұрғын жараланды.
Bellingcat зерттеу тобының жетекшісі Христо Грозев Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге жақын екі дереккөзіне сілтеме жасап, Ресейдің Украинаға қойып отырған талаптарын атады:
- Украина премьері етіп Юрий Бойконы тағайындау (Жоғарғы рада депутаты, бұрынғы вице-премьер), ал Зеленский формальды түрде президент болып қала береді;
- Қырымның Ресей аумағы екенін мойындау;
- "ДХР" мен "ЛХР" аумағының тәуелсіздігін мойындау.
Грозевтің жазуынша, Зеленский бұл талаптарды орындаудан бас тартқан.
Бойко Bellingcat тобының бұл ақпаратын "фейк" деп атады.
Украинадағы Николаев облысы әкімшілігінің басшысы Виталий Ким Николаев қаласындағы әуежай Украинаның бақылауына өтті деп мәлімдеді. Бүгін қалаға және әуежайға ресейлік әскерилер шабуылдағаны хабарланған еді.
Соғыс кезінде мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
Азаттықтың Украин қызметінің хабарлауынша, Қырымда "Z" белгісі бар ресейлік техникалардың қозғалысы байқалады. Кейбір көліктерде ракеталар тиелген. Біраз көліктің нөмерлері боялған немесе жасырылған.
ПІКІРЛЕР