ЕО Украина, Грузия, Молдованың одаққа мүше болу өтінішін қарай бастады
ВВС-дің Орыс қызметінің жазуынша, Еуропа одағы 7 наурызда Украина, Грузия және Молдованың одаққа мүше болу үшін жіберген өтініштерін қарай бастады.
Өтініш жазған ел бірден Еуропа одағына мүше бола алмайды. Өтініш жолдау – процестің басы ғана. Бұл процесс ұзаққа, яғни көп жылға созылуы мүмкін және Еуропа одағына қабылдануға еш кепілдік жоқ.
Дегенмен сарапшылар Ресейдің аргессиясы күшейген тұста постсоветтік үш елдің өтініш жазуының символдық мәні бар дейді.
Франциялық дипломаттарға сілтеме жасаған Agence France Presse агенттігі дүйсенбіде Брюссель формальды түрде Еурокомиссиядан үш елдің өтінішін бағалауды сұрады.
Еурокомиссияның бағалау процесі де бірнеше жылға созылуы мүмкін. Одан соң Еуропа одағына мүше 27 ел өтініш жазған елдерді қатарларына қабылдау үшін реформа жасауды ұсынады. Ал реформа жасау бір я екі айдың шаруасы емес, оған да ұзақ уақыт кетеді.
Ресей әскерилері Мелитополь қаласындағы телемұнараны және радиобайланыс мұнарасын басып алды. Қала әкімі Иван Федоров тұрғындарға "телеарналар мен радиоларда тарап жатқан контент жергілікті биліктің бақылауында емес" деп ескертті.
"6 A сыныбындағы диссидент"
"Новая газетаның" жазуынша, Мәскеуде алтыншы сынып оқушысы сабақта Ресейдің Украинадағы әрекетімен келіспей мектептің коридорында "Слава Украине!" деп айғай салған. Осыдан соң оның үйіне полицейлер келген. 12 жастағы ұл бала үйінде жалғыз болып, есікті ашпай қояды. Кейін оның үйінің жарығын өшіріп тастаған.
ПІКІРЛЕР