Австралия Украинадағы соғысы үшін Ресейге сән-салтанат заттарын экспорттауға тыйым салды. Тыйым салынған заттар ішінде шарап, қымбат косметика және қымбат көліктердің бөлшектері бар.
"Бұл санкциялар Ресейдің қарапайым тұтынушыларына емес, президент Путин мен оның бай көмекшілеріне бағытталған" деді Австралия сыртқы істер министрі Мэрис Пейн.
Ресей Украинаға басып кіргелі елде 165 бала қаза тапты, 266 бала жараланды. Бұл туралы Украина бас прокуратурасы хабарлады. Прокуратура дерегінше, қаза тапқанда Киев облысында көбірек.
Киев облысы — 77,
Донецк облысы — 78,
Харьков облысы — 61,
Чернигов облысы — 49,
Николаев облысы — 35,
Луганск облысы — 31,
Запорожье облысы — 22,
Херсон облысы — 29,
Киев — 16,
Сумы облысы — 16,
Житомир облысы — 15.
Николаев қаласының әкімшілігі: Атқылау кезінде кемі 10 адам қаза тапты
Украинаның Николай қаласы тағы да атқылауға ұшырады. Бұл туралы қала билігі хабарлады. Әкімшіліктің айтуынша, барлығы 10 адамның қазасы расталған.
Николаев түбінде Украина солдаттарын түсіріп жүрген америкалық CNN телеарнасының түсірілім тобы да атқылауға ұшыраған. Ешкім зардап шекпеген, бірақ түсірілім тобының көліктері бүлінген.
Австрияда тұратын Қытай қазағы Украинадан қашқан босқындарды паналатты
Австрияда тұратын Ләззат Әбдуәлиқызының үйінде Украинадан босқан үш отбасы тұрып жатыр. Оның бәрі – әйелдер мен балалар. Ерлері соғыс аумағында қалған. Ләззат Азаттыққа босқындарды қалай тапқанын, тілі бөтен кісілермен қалай түсінісіп жатқанын баяндап берді.
Екі әже, екі әйел, үш бала – украиналық жеті кісі Вена маңындағы ауылдардың біріндегі үйді үш аптадан бері паналап отыр. Олар 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанда ондаған мың азаматпен бірге Киевтен қашып шыққан. Жүздеген шақырым жол жүрген босқындарды өздері ешқашан көрмеген, ешқандай туыстығы жоқ адам күтіп алды.
Мақаланың толық нұсқасын оқи отырыңыздар.
ПІКІРЛЕР