**Донецк губернаторы: Краматорск вокзалындағы шабуылдан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті**
Украина шығысындағы Донецк облысы Краматорск қаласындағы шабуылдан кемі 50 адам мерт болды, оның ішінде бес бала бар. Бұл туралы облыс губернаторы Павел Кириленко хабарлады.
Кириленконың сөзінше, марқұм саны өзгеруі мүмкін. 98 адам жарақат алған. Олардың арасында 16 бала бар.
Губернатор 38 адамның оқиға орнында мерт болғанын, 12 адамның ауруханада көз жұмғанын мәлімдеді.
"Оккупанттар жазалануы тиіс" деді ол.
Шабуыл жұма, 8 сәуір күні жасалған. Эвакуацияға мұқтаж мыңдаған адам жиналған вокзалға екі зымыран түскен. Украина вокзалға "Точка-У" зымыраны түскенін, оның артында Ресей әскері тұрғанын айтты. Мәскеу мұны жоққа шығарады.
Компьютер техникасы мен электроника шығаратын Acer, құрылыс техникасын шығаратын Komatsu және азық-түлік концерні Dr. Oetker Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Үшеуі де өз саласында орны елеулі ірі кәсіпорын саналады.
Словакия Украинаға C-300 зенит-ракеталық кешенін берді
Бұл туралы Словакия премьер-министрі Эдуард Хегер мәлімдеді.
"Мен Словакияның Украинаға С-300 әуеден қорғану жүйесін бергенін растағым келеді. Украина халқы егемен елін және бізді батыл қорғап келеді. Біздің борышымыз – көмектесу. Ресей агрессиясы салдарынан адамдардың құрбан болуын елеусіз қалдырып, бейжай қарай алмаймыз" деп жазды ол.
Украина әскерилері елдің солтүстік-шығысындағы Сумы облысы толық бақылау орнатқаны айтылды.
Облыс губернаторы Дмитрий Живицкий телеграмда Ресей әскерилері Сумы аймағынан толық шыққанын жазды. Ол тұрғындарға облыс аумағын минадан тазарту аяқталғанша келмей тұра тұрыңыздар деді.
Ресей шекарасына жақын Сумы соғыс басталғанда көп шабуылға ұшыраған аймақтардың бірі еді.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі бүгін, 8 сәуір таңертеңгі хабарламасында "Ресей әскері Украинаның солтүстік-шығысынан толық шықты" деді.
ПІКІРЛЕР