Германия Еуроодақтың Ресей көмірінен бас тарту жөніндегі бастамасын қарастыруға дайын. Бұл туралы елдің қаржы министрі Криштиан Линднер мәлімдеді. Министр одақ үшін Ресей энергия көздерін мейлінше тез бас тарту маңызды.
Еуроодақ қаржы министрлерінің жиынында Линднер Германияның Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ашық екенін айтты.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Бучадағы қырғыннан соң Ресейге салынуы мүмкін жаңа санкцияларды жариялады. Бұл тізімді Еуропа одағына мүше 27 ел мақұлдауы тиіс.
- Ресейдің жылдық құны 4 млрд еуро болатын көмір импортынан бас тарту.
- Жылдық құны 5,5 млрд еуро болатын икра, арақ, химиялық тауарлар импортынан бас тарту.
- Жылдық құны 10 млрд еуро болатын компьютер чиптерінен және газ, транспорт саласына қажетті құралдарды Ресейге экспорттауға тыйым салу.
- Ресейлік кемелердің ЕО порттарына кіруге тыйым салу. Бұл санкция энергоресурстар мен азық-түлік тиеген кемелерге салынбайды.
- Беларусь пен Ресейдің жүк көліктеріне шекара жабу.
- ВТБ бастаған ресейлік төрт банкке санкция салып, SWIFT жүйесінен өшіру.
- Тағы бірнеше адамға санкция салу.
Урсула фон дер Ляйен ЕО Ресей мұнайы мен газына эмбарго жариялау әлі қарастырылып жатқан жоқ деді.
Қазақстан билігі Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін ашық айта бастады
СІМ: Қазақстан "ДХР" мен "ЛХР-дың" тәуелсіздігін мойындамайды
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет отырысынан кейін Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстан Украинаның шығысындағы сепаратистік аймақтарды қолдамайтынын айтты. "Қазіргі уақытта Луганск халық республикасын және Донецк [халық] республикасын қолдамаймыз" деді ол.
Тілеуберді Батыс елдері салған санкциялар Ресейге бағытталғанын және "Қазақстанның бұл санкцияларға қосылмайтынын" айтты. "Бұл санкциялар экономикалық дамуымызға кері әсер етпеуі керек және біздің жеріміз бұл санкцияларды айналып өту мақсатына пайдаланылмауы керек, біз үшін сол маңызды" деді Қазақстанның сыртқы істер министрі.
Ресей әскерін Украинадан шығаруды талап ететін БҰҰ Бас ассамблеясының екі қарары бойынша дауыс бергенде Қазақстан неге қалыс қалды деген сұраққа жауап берген Тілеуберді: "Қалыс қалу да – ұстаным" деді. Оның айтуынша, бұл ұстаным "ұлттық мүддені ескере отырып қалыптасқан".
Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
ПІКІРЛЕР