Кремльшіл тележүргізуші Владимир Соловьевтің Италиядағы Комо көлінің жағасындағы вилласына белгісіз біреулер қызыл бояу жағып, бассейніне де қызыл бояу құйып кеткен. Вилланың кіреберісінде "Убийца" (Адам өлтіруші") және "Нет войне" ("Соғысқа жол жоқ") деген жазу қалдырған.
Соловьевтің Италиядағы бұл вилласы Еуропаның санкциясына ілінген еді.
Украина НАТО-дан қару-жарақ сұрады
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Брюссельде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Кездесуден кейін Кулебаның твиттерде жазғаны:
"Мұнда өте маңызды үш нәрсені – қару, қару және қару мәселесін талқылауға келдім. Украина көмекке зәру, бізге жеңіске жетуге көмектесетін қару-жарақты тұрақты түрде жеткізуді сұрадым" деп жазды Кулеба.
Сәуірдің басында Ресей әскері Киев түбіндегі 15 елдімекенді тастап кетті. Бірақ азат болған ауылдарда қираған үй мен қараусыз қалған мәйіт көп. Сол ауылдардың бірі – Новая Басань. Азаттық радиосы Украин қызметінің фотографы орыс қаласының қолында болған осы ауылды суретке түсірді. (Галереядағы суреттер ауыр тиюі мүмкін)
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба НАТО-дағы мәлімдемесінде "Донбасс үшін соғыс Екінші дүниежүзілік соғысты еске салатын болады" деді.
Ол "Донбасс үшін қақтығысқа мыңдаған танкі, ұшақ, бронетехника қатысады" деп топшылайды.
"Санаулы күннің ішінде бізге көмектеспесеңіздер, көмектеріңіз кешіксе, көп адам өледі" деді Кулеба НАТО мүшелеріне қайырылып.
ПІКІРЛЕР