Жергілікті аңызға сәйкес іргетасын "Александр Македонский қалап, Нұр бекінісін салған" Нұратада қазақтар, тәжіктер мен өзбектер аралас тұрады. 1976 жылы қала мәртебесін алған аудан орталығындағы негізгі тарихи орынның бірі - Әйтеке бидің (1644 - 1700) мавзолей-мазары.
Әйтеке би мазары
Науаи облысындағы Нұрата қаласында тұратын халық кие тұтатын орынның бірі - осындағы Әйтеке би мазары. 17-ғасырда өмір сүрген Әйтеке би "Қазақ хандығын нығайтуға үлес қосқан қайраткер, хан кеңесшісі" деп сипатталады.