Өзбекстанда және шетелде «қылмысқа қатысы бар» деп саналатын Каримоваға бұл айып тағы бір соққы болып тиді.
МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙДЕН АЛЫНҒАН СУРЕТТЕР
Өзбекстан басшысының үлкен қызы өнер туындыларына қызығатынын ешқашан жасырған емес. Бірақ сол құнды дүниелерді ол ұрлап жинаған болуы мүмкін.
Каримованың Женевадағы 20 миллион долларға бағаланатын зәулім үйіне басып кірген өзбек диссиденті «Өзбекстанның мемлекеттік көркемөнер музейінен ұрланған 20-ғасыр қазыналарын таптым» деп мәлімдеді.
Өзбекстаннан саяси себептермен қашып кеткен Сафар Бекжан желтоқсанның 23-і күні Каримованың үйіне басқа төрт жолдасымен бірге кірген.
Ол интернетке алтын, гауһар тастармен безендірілген зерлерлік бұйымдардың, Bentley автокөлігінің, 18-ғасыр мұрасы саналатын асыл тастармен әдіптелген Құран кітабының, т.б. жүздеген сәнді әрі қымбат заттардың суреттерін жариялады. Одан да маңыздысы - Бекжан үйден «60-тан астам мемлекеттік музейдің картиналарын кездестіргенін» мәлімдеді.
Диссиденттің айтуынша, «олардың ішінде Өзбекстанның халық суретшісі Шыңғыс Ахмаровтың 1980 жылы салған «Сұлу қыз» картинасы мен Виктор Уфимцев және Рузи Чориев сияқты танымал суретшілердің туындылары бар».
Азаттықтың Өзбек қызметіне сұхбат берген Бекжан «Гүлнара Каримованың атына рәсімделген мүлікке ел назарын аудару үшін кіргенін, бірақ шатырда жатқан өнер туындыларын көргенде жағасын ұстағанын» айтады.
- Вилланың шатырына апаратын саңылау бар екен. Қабырғаларға әртүрлі суреттер ілінген. Арасында Лев Резниковтың «Анар» атты үлкен картинасы болды. Оны қабырғадан алған кезде жазбасын көріп таңғалдым, «мұнда қайдан жүр» деген ой келді. Содан кейін сурет туралы ақпарат іздедім. Мәдениет министрлігінің де қандай да бір мәлімдемесін таба алмадым. Сурет мұнда құдды бір өзінен-өзі келе қалған тәрізді, - дейді Бекжан.
Интернетке жарияланған Бекжанның фотосуреттерінде суретшілердің қолтаңбасы мен кейбір жерде музейдің маркасына ұқсас белгілер бар.
Бұл суреттерді бұрын Ташкенттегі музейде тұрған жерінен көрген екі өзбек өнертанушысы Сергей Игнатьев пен Борис Чухович Азаттыққа «Бекжан интернетке салған суреттер - түпнұсқа» деп мәлімдеді.
Өзбекстан мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі картиналарды мемлекеттік коллекциядан алуға «Опаның» (өзбек тілінде «үлкен әпке» деген мағына береді) қысымы ықпал еткенін растады.
Шенеунік жүздеген өнер туындысының құпия жолмен елден кеткенін, олардың көбі Каримованың «Форум қоры» қаржыландыратын қайырымдылық көрмелеріне аттанғанын айтады. Ол «жоғалып кеткен» туындыларды өзбек мәдениетінің «асыл қазынасы» деп сипаттады.
КАРИМОВАНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ
Шетелдік инвесторларға қысым жасағаны үшін АҚШ тарапынан «барон қарақшы» деген лақап атқа ие болған 41 жастағы Каримоваға Өзбекстанның «асыл қазыналары» туралы соңғы айыптаулар ауыр соққы болды.
БҰҰ бұрынғы елшісі Каримоваға бұған дейін «Швеция мен Швейцарияда ақша жасырған» деген айып тағылған еді. Қазір оны елінде де қолдаушылар азайды, жергілікті прокурорлар оған қарайтын БАҚ пен мәдени мекемелерді жауып тастады, соның бәріне оның автократ әкесімен араздығы себепкер болса керек.
ФОТОКӨРМЕ: «Женевадағы өзбек қазынасы»
Женевадағы диссиденттердің әрекетіне «өзбек билігінің қатысы бар» деген жорамал туындады. Бекжан үйге кілтпен кіргенін айтады, бірақ кілтті кімнен алғанын айтпады.
Twitter-ге анда-санда пікірлерін ашық жазып отыратын Каримова Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚҚ) айыптап, «Бекжанға кілтті солар берді» деді. Ал ҰҚҚ кілтті соңғы кезде әпкесіне қарсы шығып жүрген Лола Каримова-Тилляевадан алса керек.
Женевадағы үйге келген швейцариялық полиция Бекжанды қуып шығуға тырыспаған.
Өзбекстандық дипломаттар да желтоқсанның 24-і күні үйге кіріп шыққан. Бірақ олар Bentley және BMW көліктерін ғана көрген, өнер туындыларына аса көп мән бермеген. Бірақ Бекжанның айтуынша, «олар бірнеше күннен кейін қайта оралып, бағасы жүз мыңдаған долларға дейін жететін шығармаларды тізімге алған».
Азаттық хабарласқан Ташкенттегі мемлекеттік музейлердің ешбірі жоғалған картиналар туралы ештеңе айтпады. «Анар» туындысының авторы Лев Резниковтың ұлы Игорь Резник «әкесінің картинасы үшін қатты алаңдайтынын, әкесінің шығармаларын 1990 жылы Ташкент мемлекеттік музейіне сатқанын, бірақ музейдің оларды қайта сатуға құқығы жоқ екенін» айтты.
- Ол - музейдегі экспонат, сол жерде тұруы тиіс. Әкем оны сатқан кезде музейге ғана сатты. Оның Женевадан табылғаны үшін музей жауап беруге тиіс. Егер музей одан құтылғысы келсе, мен оны қуана-қуана қайтып аламын. Бұл - менің әкемнің еңбегі, - дейді Игорь Резник.
Бұл туындыны қолына түсіргенде Каримова да қатты қуанса керек. Өзбек тілінде «Анор» (Анар – ред.) деп аталатын жеміс - Каримованың дизайнерлік жобаларындағы негізгі мотив, әрі оның есімі де «анар гүлі» деген мағынаны білдіреді.
Шухрат Бабажанов пен Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.