28 тамыз күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың ауруханаға түскен хабарланды. Бұл Каримовтың денсаулығы туралы алғашқы ресми хабар болды. Хабарламада өзбек президентінің дәрігерлерге қаралып жатқаны айтылып, ол ақпарат тұңғыш рет жергілікті телеарнадан берілді.
Осы ақпараттан кейін сарапшылар Өзбекстандағы биліктің қалай ауысатыны туралы, процесс тұрақсыз болған жағдайда оның аймаққа әсері жайлы болжамдарын айта бастады.
Өзбекстандағы жағдай аймаққа қалай әсер етеді? Өзбекстан тұрақсыздық ошағына айналмай ма? Қазақстан билігі өзбек президентінің басындағы жағдайға қандай реакция білдіреді? Ол елдегі билікке талас кімдердің арасында жүріп жатыр? Осы және басқа да сауалдарды AzattyqLIVE хабары саясаттанушы Айдос Сарыммен талқылады.