Accessibility links

Өзбекстандағы бесік той

Азаттық Зарафшан қаласының түбіндегі Рахат ауылында тұратын қазақ диаспорасы өткізген бесік тойдан фоторепортаж ұсынады.

Рахат ауылында тұратын Дайрабай аға мен Зылиха апа 6 шілде күні үлкен ұлдары Ғани мен келіндері Әсиядан көрген немересінің бесік тойын жасады. Той "Президент үйлер" деп аталатын қызыл шатырлы коттедждер түскен шағынаудандағы бір үйде өтті. Бұл ауданда негізінен қазақтар тұрады. Үлкен үйлерді көбіне 10 жылдық несиеге алады.

XS
SM
MD
LG