Бір қарағанда Ганиеваның бойында Орталық Азиядағы автократиялық елдің үмітін ақтайтындай қасиеттердің бәрі бар: пианинода ойнайды, ағылшынша таза сөйлейді, тіпті Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримоваға да ұқсайды.
«Әлем ару» байқауы аяқталуға бірнеше апта қалғанда (28 қыркүйек – ред.) Өзбекстан басшылары «Ганиева деген кім? Ол Индонезияда не істеп жүр? Оны танымаймыз» деп мәлімдеді. Азаттықтың Өзбек қызметінің тілшілері Өзбекстанның мәдениет пен спорт министріне және әйелдер жөніндегі ұлттық комитетіне хабарласып, Рахима Ганиева жайында сұрастырған еді. Олар «Ганиеваның «Әлем ару» байқауына қатысып жатқанын білмейміз. Керек десеңіз, Өзбекстанның өзінде арулар байқауы жоқ» дейді.
«БӨТЕН БІРЕУ»
Бірақ молырақ ақпаратты басқа тараптар берді. Ташкенттегі Pro Models модельдер агенттігінің өкілі Жавлон Комолов:
- Рахима Ганиева Өзбекстанда бірде-бір арулар байқауына қатыспаған. Бұл жерде әдемі аруларды таңдайтын қандай да бір жарыс өтсе, біз одан да сұлу қызды жіберетін едік. Ганиеваның карьерасын осылай өтірік айтып бастағаны өкінішті-ақ, - деді. Ганиева бұл орталықта 15 жыл тәлім алған екен.
Тіпті Гүлнара Каримова да Twitter-де «Ганиева - аяқ астынан шыға келген бөтен біреу. Тәжік қызына ұқсайды. Күн ыстығы 50 градустан асып кететін елде ондай жарыстың қалай өтетініне таңым бар?» деп жазды.
Индонезиядағы «Әлем аруы» байқауын өзбек жастары интернетте қызу талқылап жатыр. Кейбіреулер Ганиеваның Facebook парақшасындағы әдемі суреттерін көріп, оны жақтап отыр.
Енді біреулері тамыздың 15-і күні әлем аруы сайтына шыққан Ганиева жайлы шағын видеоларды көріп, оның «Ташкенттегі әлемдік экономика мен дипломатия университетінде оқимын» деген сөзіне күмән келтірді. Себебі, абитуриенттердің қай оқу орнына түскені туралы мәлімет тамыздың 15-сінен кейін ғана белгілі болады.
ИСЛАМИСТЕР ТАЛАБЫ
«Әлем аруы» конкурсының басшылары Өзбекстан аруы жайында әлі түсінік бермей отыр. Бұл жарысқа Косово, Камерун, Гвинея және Гвинея-Бисау елдерінің арулары да алғаш рет қатысып жатыр. Өтіп келе жатқанына 62 жыл болған «Әлем аруы» байқауына биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 131 қыз қатысып жатыр.
Алайда жарысты ұйымдастырушылар Ганиева туралы дау-дамайдан гөрі басқа мәселеге көбірек алаңдайтын сияқты. Джакартадағы исламшыл топтар әлем аруына қатысқан қыздардың «порнографиялық» суреттері қала абыройына кір келтіреді деп айыптаған соң, «Әлем аруы» конкурсының басшылары байқаудың қорытынды бөлімін өткізетін жаңа орын іздестіріп жатыр.
Абдулла Искандар мен Дэйзи Синделардың мақаласын ағылшын тіліне аударған – Сағынай Кәрім.