Науаи облысы Зарафшан қазақтары жазда күн ыси сала киіз үй тіге бастайды. Алтын өндірушілер қаласының түбіндегі "Рахат" ауылына барған Азаттықтың фототілшісі олардың үй тігу дәстүрін сақтап қана қоймай, дәстүрлі жиһаздары мен бұйымдарын да ұстап отырғандарын көрді.