Accessibility links

«Шығыс жұлдызы» көрмесіндегі авторлық қуыршақтар

Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Шығыс жұлдызы» авторлық интерьерлік қуыршақтар халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Авторлық қуыршақ Алматы мен Қазақстанда енді ғана таныла бастаған қолданбалы өнер түріне жатады. Елде қуыршақ шеберлерінің саны онша көп емес, олардың жұмыстары жайлы көрмелер сирек өтеді және мұндағы шығармашылық туындыларына сұраныс та аз.

XS
SM
MD
LG