Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға Қазақстаннан 46 спортшы қатысады. Олардың қатарында мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен және әлем чемпионаттары мен әлем кубогы кезеңдерінде медаль алған спортшылар бар. Олимпиада 9-25 ақпан аралығында өтеді.