- Авторы: Руслан МЕДЕЛБЕК
Шымкенттік 57 жастағы Әбдімәжит Сыздықбеков (суретте сол жақта) өзін Геннадий Головкиннің "нағыз жанкүйерімін" дейді. Ол Головкиннің бала кездегі жекпе-жектерінен бастап әлем чемпионаты мен олимпиада кездесулеріне дейін мұқият көріп жүрген. Ал осы жолы Головкиннің Монакодағы жекпе-жегіне арнайы келген. "Головкиннің бұрын киген шапаны өзбектікі деп көп дау туды. Сондықтан осы кездесуге арнайы қымбат матадан шапан тігіп алып келдім. Командасына тапсырдым. Бұйырса, алдағы уақытта Головкин сол шапанды киіп шықса деймін. Ал бүгінгі кездесуде Головкин бесінші раундқа жеткізбей жеңуі керек" дейді жанкүйер.
- Авторы: Азаттық радиосы
Бірнеше сағаттан соң рингтегі үйреншікті образына енетін Геннадий Головкиннің мүлдем бөлек бейнесін көргіңіз келе ме? Боксшы Астанаға соңғы мәрте келгенде Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлы оның жастармен кездесуінен фотогалерея жасаған еді. Бір қарап қойыңыз.
- Авторы: Азаттық радиосы
Головкиннің Мюрреймен жекпе-жегіне қалай дайындалғаны туралы ақпанның басында жарияланған мына бір видеоға назар салып қойыңыздар:
Кездесулeрді залдан 600-ге жуық көрермен тамашалап отыр. #azattyqGGG #GolovkinMurray http://t.co/VAE3WGO7D2
— Ruslan Medelbek (@RussportKz) 21.2.2015