- Авторы: Руслан МЕДЕЛБЕК
Шымкенттік 57 жастағы Әбдімәжит Сыздықбеков (суретте сол жақта) өзін Геннадий Головкиннің "нағыз жанкүйерімін" дейді. Ол Головкиннің бала кездегі жекпе-жектерінен бастап әлем чемпионаты мен олимпиада кездесулеріне дейін мұқият көріп жүрген. Ал осы жолы Головкиннің Монакодағы жекпе-жегіне арнайы келген. "Головкиннің бұрын киген шапаны өзбектікі деп көп дау туды. Сондықтан осы кездесуге арнайы қымбат матадан шапан тігіп алып келдім. Командасына тапсырдым. Бұйырса, алдағы уақытта Головкин сол шапанды киіп шықса деймін. Ал бүгінгі кездесуде Головкин бесінші раундқа жеткізбей жеңуі керек" дейді жанкүйер.
- Авторы: Руслан МЕДЕЛБЕК
50 жастағы қарағандылық Алтай Кенжетаев (төмендегі суретте ортада тұр) Головкин-Мюррей жекпе-жегіне келу үшін бір жылдай ақша жинағанын айтады. "Головкиннің былтырғы жекпе-жектеріне баруға мүмкіндік болмады. Биыл қалайда осы кездесуге барамын деп мақсат қойып, арнайы келдім. Бір Қарағандының өзінен Головкинді қолдауға 30 шақты адам келдік. Бүгін Головкин жеңетініне сенемін. Бірақ кездесу ерте аяқталмаса деймін. Біраз шоу көргіміз келеді " дейді ол.
Билет құны - 200-2500 евро. Қазақ жанкүйерлерінің көбі билетті үш-төрт ай бұрын алған. #azattyqGGG #GolovkinMurray http://t.co/PP9blDFhv7
— Ruslan Medelbek (@RussportKz) 21.2.2015
- Авторы: Азаттық радиосы
Головкин-Мюррей кездесуі алдында өтіп жатқан үш аралық жекпе-жектің ішіндегі ең маңыздысы - аса жеңіл салмақта (48 кг) WBA және IBO версиясы бойынша әлем чемпионы Хекки Бадлер (ОАР) мен мексикалық Хесус Сильвестренің бокс бәсекесі. Бадлер өз атағын қорғау үшін рингке шықты. Бұлар біткен соң қазақстандықтар тықырши күтіп отырған негізгі жекпе-жек басталады.