Accessibility links

Сауд Арабиясы әйелдерге велосипед тебуге рұқсат берді


Көрмеде жүрген әйелдер. Сауд Арабиясы, 23 қазан 2010 жыл.
Көрмеде жүрген әйелдер. Сауд Арабиясы, 23 қазан 2010 жыл.

Times газеті Сауд Арабиясында әйелдер қауымының тағы бір жеңіске жеткені туралы жазады. Бұдан былай олардың велосипед теуіп жүруге құқы бар.

«Екі дөңгелек жақсы, ал төрт дөңгелек – зиян» деген пікір Сауд Арабиялық әйелдің жаңа қағидасы» деп жазады Times газетінде 4 сәуірде жарық көрген мақала авторы Хью Томлинсон.

ВЕЛОСИПЕД ТЕБУДІҢ ШАРТТАРЫ

Осы аптада король билігі әйелдерге велосипед тебуге рұқсат еткенін айта келе, «көлікті айдаған әйел тәрізді ұзын қара жамылғысын шешпеуі тиіс. Велосипед тепкісі келетін әйелдерге арналған осындай жаңа шарттар кеше жергілікті баспасөзде жарияланды» дейді басылым.

Автордың айтуынша, «әйелдердің автокөлік жүргізуіне тыйым салған жалғыз мемлекеттегі осы жандар бұл жаңалықты кекесінмен, сенімсіздікпен және қуанышпен қарсы алды».

Автор әдетте 1 сәуірді «әзіл күні» санамайтын корольдік тұрғындары сол күні жергілікті «Әл-Яум» басылымында жарияланған жаңалықты қалжың ретінде қабылдап, сенбегенін айтады. Бірақ Сауд Арабиясындағы әйелдер велосипед пен мотоциклді айдау үшін бірнеше шартты орындауға тиіс.
Автокөлік жүргізіп келе жатқан әйел. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 21 маусым 2011 жыл.
Автокөлік жүргізіп келе жатқан әйел. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 21 маусым 2011 жыл.

Қайырымдылықты насихаттап, бұзақылықтың алдын алу комитетінің (Hai'a) мәлімдеуінше, әйелдер велосипедті «тек демалып, бой жазу үшін ғана тебуге тиіс. Оны тасымал құралы, көлік ретінде пайдалануға болмайды». Яғни Сауд Арабиясында әйелдердің тек саябақ, жағажай, бос елді мекендерде ғана велосипед тебуге құқы бар.

«Мотоцикл немесе велосипед тепкісі келетін әйелдер жас жігіттер жиналмаған жерде ғана серуендесін» деген Hai'a-ға «Әл-Яум» басылымы сілтеме жасаған.
Ұлттық туларын ұстап тұрған әйелдер. Сауд Арабиясы, 5 қазан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Ұлттық туларын ұстап тұрған әйелдер. Сауд Арабиясы, 5 қазан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

«КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚҰҚЫМЫЗ БІРДЕЙ»

«Әйелдер құлап қалмас үшін немесе апатқа ұшырамас үшін қасында ер адам жүруге тиіс» депті комитет өкілі. Әлеуметтік желіде пікір білдірген әйелдер қауымы жаңалыққа әртүрлі пікір айтты. Қатаң жазаның сәл де болса жеңілдегеніне қуанатындар да аз емес. «Тамаша! Біз енді кішкентай баламен бірдейміз» деп жазады бір әйел Twitter желісінде.
Саудиялық спортшы қыз Сара Аттар Лондон олимпиадасында. Ұлыбритания, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Саудиялық спортшы қыз Сара Аттар Лондон олимпиадасында. Ұлыбритания, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Автордың жазуынша, Эр-Рияд қаласының шетіндегі жазықтағы құм төбеде осындай көлік жалға берілетін. «Бірақ билік өкілдері кейін оны жаратпады. Әйелдердің велосипедті жалға алуына тыйым салынды. Олардың айтуынша, «әйелдер жас жігіттерге көлігін көрсетіп, мақтана бастаған». Бірақ Сауд Арабиясының қатаң тыйымына қарамастан, соңғы жылдары аздап қарсылық көрсетіп, өз ойын бірдіретін белсенділер тобы пайда болған.

Елдегі тыйымдар мен шешімдерді қабылдайтын Шура кеңесі мен король Абдулланың шешімі арқасында биыл қаңтарда 30 әйел ел тарихында бірінші рет кеңеске мүше болып қабылданды.
Шура кеңесіне мүше әйелдер. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 10 наурыз 2013 жыл.
Шура кеңесіне мүше әйелдер. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 10 наурыз 2013 жыл.

«Велосипед тебуге салынған тыйымға қатысты саудиялық режиссер әйел Хайфа әл-Мансур фильм түсірді. Онда велосипед алуды армандайтын 10 жасар қыз туралы көрсетіледі. Бұл фильм халықаралық фестивальдерде жүлдеге ие болды» деп жазады Хью Томлинсон.
XS
SM
MD
LG