Accessibility links

«Демократия» мен «экономикадан» соң «орта тап» та жоғалды


Мұздан ойылған «Орта тап» деген сөз.
Мұздан ойылған «Орта тап» деген сөз.
«Орта тап құрып бара жатыр» дейді америкалық суретшілер Нора Лигорано мен Маршалл Риз. Олар мұздан ойылған «Орта тап» деген сөзді көшеге қойып, қарсылық акциясын өткізіп жүр.

Нью-Йоркте тұратын ерлі-зайыпты суретшілер Нора Лигорано мен Маршалл Риз ірі-ірі әріптері мұздан ойылған «Орта тап» деген сөзді Флорида штаты Тамп қаласындағы Республикалық партия ғимаратының алдындағы қоғамдық паркте ерігенше тұрғызып қойды. Олар бұл акцияны осы аптада Демократиялық партияның Солтүстік Каролина штаты Шарлотта қаласындағы кеңсесі алдында да өткізді.

Суретшілер қарапайым америкалықтардың тұрмысына көңіл аудартпақ. «Қатты да мықты заттың қалай оп-оңай еріп жоғалатынын көрсету үшін мұзды әдейі таңдадық» дейді суретшілер.

«ОРТА ТАП ҚҰРЫП БАРАДЫ»

АҚШ-тағы сайлауалды кампаниясының қызған кезінде басты қарсыластар – қазіргі президент Барак Обама мен республикашылар өкілі Митт Ромни орта тап америкалықтардың дауысын алу үшін түрлі кездесулер өткізіп жатыр.

Бұл елдегі миллиондаған орта тап өкілдерінің көбі әлемдік экономикалық дағдарыс зардабын тартып, ақшаларын үйдің ақысына, баланың оқуына, зейнетақы қорына жеткізе алмай жүр.

Суретшілер акцияларын «Американың таңы» деп атаған. Бұрынғы президент Рональд Рейганның 1984 жылғы сәтті өткен сайлауалды кампаниясы осылай
АҚШ-тың қырқыншы (1981-1989) президенті Рональд Рейган. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың қырқыншы (1981-1989) президенті Рональд Рейган. (Көрнекі сурет)
аталған еді. Саяси көзқарастарын айтуды жөн көрмеген ерлі-зайыпты суретшілердің ойынша, орта тап сол Рейганның кезінде кері кете бастаған. Рейган жұмысшы табының дамуына септескен әлеуметтік және экономикалық саясатты құрдымға жіберді дейді суретшілер.

– Біз осыдан отыз жыл бұрынғы заманға көңіл аудартпақ болдық. Америкалықтардың көбінің, әсіресе орта тап пен жұмысшылардың жалақасы осыдан отыз жыл бұрынғы деңгейде қалған. Бірақ бай америкалықтар мен бас халықтың табысының айырмашылығы қаты үдеп барады, – дейді Маршалл Риз.

Суретшілердің айтуынша, мұздан жасалған мүсіннің саяси астары жоқ. Бір партияны ғана айыптайтын болсақ, акцияны екі партияның кеңсесі алдында өткізбек едік дейді Маршалл Риз.

НӘЗІК СӨЗ

Биіктігі бір метрлік әріптерді мұздан жергілікті шеберлер ойған. Мұз әріптер мұздатқыштан шыққан соң-ақ еріп, бірнеше сағаттан кейін мүлдем жоғалып кетті. «Үнемі нәзік әрі қиын-қыстау сәтке душар болған нәрсені сипаттайтын, мұзбен үйлесетін сөздерді таңдаймыз» дейді Нора Лигорано.

Суретшілер әуелі «Демократия» деген сөзді мұзбен жазған еді. Ол мүсін 2008 жылы Демократиялық партияның Колорадо штаты Денвер қаласындағы ғимараты
АҚШ президенті болудан үміткерлер - Митт Ромни (сол жақта) және Барак Обама. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті болудан үміткерлер - Митт Ромни (сол жақта) және Барак Обама. (Көрнекі сурет)
алдына қойылған, бірнеше күннен кейін республикашылардың Сент-Поледегі кеңсесі алдына тұрғызылған.

Суретшілер бұл акцияны Ирактағы соғыс бес жылға созылған кезде, сол кездегі президент Джордж Буштың ол шешіміне көп адам күмәнданған тұста өткізген.

Олар 2009 жылы «Экономика» деген сөзді мұзбен «жазып», Нью-Йорк қалалық паркінде (Occupy Wall Street қозғалысы басталған жерде) акция өткізді.

Ерлі-зайыпты суретшілер бұл мүсіндерден ешқандай пайда көрмейтінін, шараны жеке демеушілерді қаржысына өткізетіндерін айтты. Олардың «Лигорано Риз» деп аталатын компаниялары әртүрлі өнер туындыларын ұсынады. Бірақ суретшілер жұртшылық назарына аудару үшін әлі де мұзды қолдана бермек.
XS
SM
MD
LG