АҚШ президенті Джордж Буш Дубай Әмірлігінде орналасқан "СМБ-компьютерс" компаниясы халықаралық атом контрабандасына қатысып отыр, компания арқылы жойқын қарудың құрамдас бөліктері жеткізіліп тұрды деп айыптаған болатын.
"СМБ-компьютерс" компаниясы Алматыда кеңсе жалдап, Қазақстанда өз адамдарын ұстағаны анықталды. "Ассошейтед пресс" агенттігі Қазақстанда байытылған уранның қолды болатыны Америка Құрама Штаттарының мазасын үнемі алады дейді. Ал "Қазатомпром" мемлекеттік компаниясы болса "СМБ-компьютерс" компаниясымен ешқандай қатынасымыз жоқ деп аттоннын ала қашты.
Халықаралық жаңаша ядролық шатақтың бас кейіпкері – Бұхари Сайед Абу Тахир деген кәсіпкер. Оның жасы 44-те. Ол Шри-Ланки елінің азаматы, күдікті кәсібін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында жүргізеді. Тахир басқаратын "СМБ-компьютерс" компаниясы ядролық қарудың заттарын, қару жасайтын құралдарды тасыған, лас ақшаны заңдастырып отырған, деді президент Джордж Буш Ұлттық қорғаныс университетінде сөйлегенде. Мұны Ақ үйдің баспасөз қызметі 11-ші ақпанда хабарлады. Пәкістан атом бомбасының атасы Абдұл Қадыр Хан басқарған халықаралық топта Тахир екінші адам болған, деді президент Буш.
Ядролық бомбаның құпияларын өзге елдерге беріп отырғанын Абдұл Қадыр Хан бұдан бұрын мойындаған болатын. Күдікті істерге қатысқанын, ең қызығы, Тахирдың өзі де мойындап отыр. Ол қазір Малайзияда, әйелі малайзиялық азаматша екен. Дубайдағы бас кеңсесінде Тахир өткен жылдың қыркүйек айынан бері төбе көрсетпеген. Тахир Малайзия заңдарын бұзған емес деп, Малайзия үкіметі оны қамауға алудын бас тартты, сырттан бақылап отырамыз деді. Тахир тек полицияға шақырылып, 1994-ші не болмаса 1995-ші жылы Пәкістаннан Иранға центрифуга қондырғысының бөлшектерін жеткізіп бергенін, арадағы үш миллион доллар қолма-қол ақша екі дипломат-портфелімен ары бері тасылып жүргенін әңгіме арасында мойындады.
Шатаққа байланысты АҚШ Орталық барлау агенттігінің тыңшыларына Малайзия бас министрі Абдұлла Ахмад Бадауи жауап берісті. Тахирмен бас министрдің ұлы Камалуддин Абдұлла бизнес жүргізген екен бір кезде. Осы шыт-шытырман оқиғалар, халықаралық деңгейдегі тергеулер Қазақстанға да қатысты боп шықты. Сезікті "СМБ-компьютерс" компаниясы Алматыда және Бакуде кеңсеміз бар дейді өзінің интернет-сайтында. "Ассошейтед пресс" агенттігі Қазақстанда байытылған уранның ұрланатыны Америка Құрама Штаттарының мазасын үнемі алады деп жазады.
Біз осыған байланысты алдымен "СМБ-компьютерстің" Дубайдағы бас кеңсесіне телефон жалғадық. Рахим есімді тиісті қызметкер мынандай жауап берді:
- Шынын айтқанда, компаниямыз тек ақпарат технологияларының саудасымен айналысады. Біз ақпарат технологияларымен айналысамыз. Бар жоғы осы.
Рахим мырза өз интернет-сайттарындағы ақпаратқа қарамастан, Алматыда ешқандай кеңсеміз жоқ, мұндай әңгімені ешқашан естіген емеспін деді:
- Жоқ, жоқ. Бұл туралы мен ештеңе білмеймін. Алматыда ешқандай кеңсеміз жоқ. Бұған алып қосарым жоқ.
"СМБ-компьютерс" компаниясы "Азаттық" радиосына осындай мәлімет айтып тұрған тұста, "Ассошейтед пресс" агенттігіне мүлдем басқаша түсінік берді. "Алматыдағы кеңсемізді 19-шы ақпанда жаптық, ал бұрынғы өкіліміз Шәүіл Хамидтен енді ешқандай хабарымыз жоқ", деп мойындады Дубайдағы компанияның өкілдері "Ассошейтед пресс" агенттігіне. Күдікті компанияның күдікті кеңсесі Алматыда расында да болғаны, ол тез арада жабылып қалғаны, тіпті сауда министрлігінің құжаттарында тіркелмегені енді Қазақстан ұлттық қауіпсіздік деңгейінде шұғыл тергеліп жатыр.
Ал біз бұдан соң мәселенің екінші жағына көбірек көңіл аударғанды жөн көрдік. "Қазатомпром" ұлттық компаниясының вице-президенті Рұстем Тұрсымбаев Қазақстанда байытылған уранның ұрлануы мүмкін емес дейді:
- Мұндай шаруаның мүмкін болуын біз толығымен жоққа шығарамыз. Қазақстанда байытылған уран жоқ. Қазақстанда уран кеңін байытатын өндіріс те жоқ.
Ал ядролық қаруға құрамдас бөліктердің, кең заттарының жалпы сақтандығы қалай, оған біреу-міреу қол сұғуы мүмкін бе дегенімізге Рұстем Тұрсымбаев былай деді:
- Мүмкін емес. Қазақстан жерінде ешқашан, ешқашан ондай оқиға болған жоқ.
Міне, қазақстандық ресми тұлғалардың сипаттамасы осындай. Ал кейбір сарапшылар мұндай сүреттеумен келіспейді. Лондонда орналасқан "Джейнс дефенс" мекемесінің сарапшысы Алекс Ватанка "Азаттық" радиосына былай деді:
- Ең нашар дегенде не болып қалуы мүмкін? Қазақстандағы кейбір жоғары басшылардың қатысы болуы мүмкін, олардың пара алуы мүмкін. Қазақстанда коррупция кең етек жайған. Біз білеміз мұны. Бұл үлкен мәселе. Дәл осы аталған заттар Қазақстанда бар ма, жоқ па – нақты білмеймін. Осыған ден қоюға рұқсат етіңіздер. Ондай заттарды сатып алу үшін Қазақстанда қанша пара беру керек? Мәселе тек осында.