Палестинада дүйсенбі күні тәңертен "Хамас" тобының рухани басшысы Ахмед Яссиндің қаза болды. Палестина қозғалысындағы көшбасшылардың бірі, тіпті бірегейі Ахмед Яссин Газа қаласында мешіттен шыққанда Израил тікұшағынан атылған зымыраннан опат болды.
Израил өз жерінде 2000-шы жылдан бастап жасалып жатқан лаңкестік шабуылдардың рухани демеушісі деп Ахмед Яссинді көреді. Газа қаласында және Батыс жағалауда дүйсенбі күні мыңдаған палестиндік көшеге шығып, Яссиннің қазасына кек қайтарамыз деп ереуілдетті. Ахмед Яссин әсіре исламшыл "Хамас" тобының құрылтайшысы екені белгілі. "Хамас" тобы 1987 жылы дүниеге келді. Ассошейтед пресс агенттігі наурыздың 22-де Иерусалимнен жолдаған хабарында Ахмед Яссинді Палестина автономиясының басшысы Ясир Арафатқа сөзін өткізіп отырған қатаң тұлға деп сипаттайды.
Ахмед Яссинның жасы 65-те. Бала кезінде спорт жаттығуын сәтсіз жасап, мүгедек боп қалған. Өмір бақи мүгедек арбасына байланған Ахмед Яссин Палестина қозғалысына рухани дем беретін ең мықты тұлғаға айналды. 2003 жылы қыркүйекте Ызраил әскері "Хамас" басшылары отырған жерге ауыр бомба тастап еді, олар аман қалды. Яссин сол жолы жеңіл жарақат алды. Яссин соңғы жылдары көзден айырылды десе болады, оның құлағы да нашар естіп қалды. Соған қарамастан ол "Хамас" тобын тырп еткізбей ұстап, Палестина қозғалысының идеологиясын бұқараға сіңіріп отырды.
"Хамас" тобы Израилмен Палестина үкіметтері арасындағы бейбіт құбылысына, келіссөздердің әрекеттеріне ашықтан ашық қарсы шығатыны белгілі. Палестинада бас министр қызметі пайда болғанда, "Хамас" тобына жақын төраға Ясир Арафатқа қарағанда бас министр бейбіт құбылысына әлде қайда кеңірек ықпал жасайды дегенде – "Хамас" тобы, "Әл Ақса мұхаджірлер бригадасы" деген оның әскери қанаты қару қолдануды тоқтатпаймыз деді. Сөйтіп, Ахмед Яссин қалыптастырып отырған антиизраилдік идеологияның салдарынан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Одағы, АҚШ және Ресей ұсынған "жол картасы" деген жоспардың орындалуы қиындыққа тап болды. Бұл жоспар бойынша Палестинаға 2005 жылы тәуелсіздік берілу керек. Ахмед Яссин рухани басшы ретінде Израил деген мемлекетті мүлдем мойындамау саясатын іске асырып отырды. Батыс жағалаумен Газа қаласында Палестина мемлекетін орнатып, сосын оны Израилді құлатуға арналған уақытша тұрақ ретінде пайдаланған жөн деп мәлімдеді Ахмед Яссин соңғы бір сөздерінде, дейді Ассошейтед пресс агенттігі.
Израил жерінде жанкештілірдің шабуылдарын тоқтатамыз деп Израил соңғы кезде шекарада қорған салып жатқаны белгілі. Бұл даулы мәселеде Ахмед Яссин қатаң ұстанымынан қайтқан жоқ. Палестиндік жауынгерлердің Израил жеріндегі күресі тоқтамайды, дуал құрылысына құйылып жатқан Израил ақшасы бекер шашылады, деп мәлімдеді мәселен Ахмед Яссин ақпан айында Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында. "Хамас" тобының мақсаты, жалпы, Израилде, Газа айлағында және Батыс жағалауда исламшыл мемлекет орнату. Бұл тек Израилге емес, Палестина үкіметінің зайырлы мемлекет құру шаруасына кедергі.
Ахмед Яссинның қазасы үлкен құлаққағыс тауып жатыр. Палестина бас министр Ахмед Кюрье өлтіруді "өте қауіпті, жөнсіз қимыл" деп қабылдады. Палестина басшысы Ясир Арафат үш күн ұлттық аза тұтуды жариялады. Палестина үкіметінің жалпы көзқарасын еңбек министрі Ғасан Хатибтың мына сөздері айқындаса керек:
- Бұл барша Палестина халқына қарсы бағытталған Израилдің тағы бір үлкен саяси қастандығы. Палестина әкімшілігі бұған сөгіс айтады, оқиғаны қылмыс деп қабылдаймыз.
Ал Израил үкіметінің пікірі мүлдем өзгеше. Израил үкіметінің өкілі Ави Разнер дүйсенбі күні былай деп мәлімдеді:
- Израил аймақтағы тұрақтылықпен бейбітшілікке ең үлкен қатер төндірген қауіпты жойды. Жүздеген израилдік азаматтың қазасына Ахмед Яссин тікелей жауапты болатын. Әділ іс орын алды.
"Хамас" тобының саяси басшысы Әбдел Әзіз Әл Рантисси кек қайтару мақсатында соғыс ашамыз деп мәлімдеді. Израил қорғаныс министрі Шауль Мофаз "Хамас" тобына қарсы соғысымызды жалғастырамыз деп айтты өз кезегінде. Палестина мекендерінде көшеге шыққан халық "Әл Ақса мұхаджірлер бригадасы" майдандассын деп ұрандатып жатыр. Бірнеше сағаттан соң Ахмед Яссин және онымен бірге қаза болған сақшаларының жаназасы шығарылғанда одан сайын қатты айтылды, оқ атылып, ашу шақырылды.
Еуропа Одағының сыртқы саясаты және қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестірушісі Хавиер Солана Ахмед Яссин өлтірілді деген жаңалық жақсы хабар емес, бірақ жағдай тынышталады деп үміттенемін деді. Таяу Шығыста әлі талай шаруа атқарылу керек екені айқын, деді Хавиер Солана. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро Израилдің өзін қорғау мұқтаждығы түсінікті, бірақ соттан тыс өлтіру әдісін қабылдамаймыз, тіпті оған сөгіс айтамыз деді. АҚШ сыртқы істер министрлігі Палестина-Израил қақтығысындағы барлық тараптарды сабырға шақырды.