Республикалық басылымдарда соңғы кезде Қазақстан саяси элитасына іріткі түскендігі, ол тіптен Қазақстан президентінің отбасы мүшелері арасында қайшылықтар тудырғаны сөз болумен қатар сәрсенбі күні тапа тал түсте Алматы қаласының орталығында болған жарылысқа қатысты тың деректер мен жаңа болжамдар айталды.
«Ассанди таймс» газеті Президенттің құдасы Асқар Құлыбаевқа қастандық жасалды деген қорытындыға келеді. Олардың мәліметтеріне қарағанда, 90-шы жылдардың басында Қазақстанның Бейбітшілік пен ынтымақтастық кеңесінің төрағасы болып тұрған кезінде Асқар Құлыбаевқа есеп-айырысу жөнінде қоқан-лоққы жасалып, соден бері ол автомат ұстаған екі жігіттің қарауында жүретін болған.
«Литер» газеті қазақстандық тергеушілер бұл істі зерттеу барысында қылмыстық іздің Ресейге қарай бағыт алғанын байқағанын жазады. Жарылыс жасап, одан өзі қаза болған Нартов деген азамат Ресейдің Омск қаласында өмір сүріп, сол жерде валюталық операциялар мен азаматтардың тіркелу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Газет бір күәгердің жарылыстан соң бір топ жігіттің өздері қоршап келе жатқан салиқалы азаматты бірден қолдарына көтергендей джип мәшинесіне салып алғанын аңғарғанын келтіреді.
«Караван» апталығы болса, қалалық полиция басқармасындағы ақпарат көзі сол маңда орналасқан Израиль елшілігіне қарсы террорлық акт болу ықтималдығы да қарастырылатындығын айтқанын жазады. Соңғы кезде интернет парақшаларында жарияланған Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Халықтың досы» болу деген не және олар президентке қарсы қалай күреседі?» деген мақаласын кейбір газеттер саяси жарылысқа баласа, «Экспресс К» мен «Новое поколение» газеттері Қазақстандағы оппозиця өкілдері мен «Ақ жол» партиясы, «Казкоммерцбанк» сынға алынатын бұл мақалаға үлкен орын береді. Президент кеңесшісінің пікірінше, «Казкоммерцбанк» пен оның басшыларының бірі Нұржан Сұбханбердин Қазақтстандағы басты билік пен экономиканы қарамағына алу мақсатында «Ақ жол» партиясын құрып, бүгінде осы бизнес-жобаға мол қаржы құйып отыр. Мұндай шабуыл күтпеген жерден жасалғандықтан, оны сенсациялы деп атауға болады дейді «Ассанди таймс» газеті. Газет шолушысы Мұхаметжан Әділовтың пікірінше, «Ермұхамет Ертісбаев ерікті яки еріксіз түрде президент әкімшілігінің басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің маңайына топтасқан қазақстандық элитаның сөзін сөйлеп отыр». «Олар түптің түбінде президент лауазымы автоматты түрде өз басшыларына ауысуы үшін елдегі демократиялы оппозицияны қазіргі елбасының қолымен тұншықтыруға бар», - дейді Мұхаметжан Әділов. Оның сөзіне қарағанда, бұл топқа қарсы билікте Сенат спикері Нұртай Әбіқаевтың тобы бар. «Олар авторитарлы режимді қазіргідей бұзылмаған күйінде ұстап тұру мүмкін емес, сондықтан халықаралық қауымдастықтың талабын аздап қанағаттандыру қажеттігін түсінеді», - дейді «Ассанди таймс» газетінің шолушысы. Оның пікірінше, Қазақстан элитасынындағы қожырау Қазақстандағы барлық электронды ақпарат құралдары мен баспасөздің басым бөлігін құзырына алған Президенттің отбасы мүшелері арасында да қайшылықтар туғызған. Мәселен, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев алғашқы топтан табылса, «Казкоммерцбанк» құрылтайшыларының бірі, президенттің ортаншы қызының күйеуі Тимур Құлыбаев олармен келіспейді. «Ассанди таймс» газеті «егер президент Ертісбаевтың айтқанынын қабылдаса, онда жуық арада мемлекеттік қызметтен, үкіметтен «Ақ жол» партиясының барлық мүшелері аластатылады да, олардың кейбіреуінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. «Казкоммерцбанк» пен оған жақын бизнес құрылымдарына қысым көбейеді. Сөйтіп, «Астана холдинг» компаниясы және Мұхтар Әблязовпен болған оқиға қайталанады», - деп пайымдайды.
Егер Ермұхамет Ертісбаев өзінің әйгілі мақаласында «Ақ жол» партиясының діттегені парламентаризм емес, «үкіметті монополиялау» десе, «Сөз» газетінде «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаев: «қазіргідей Қазақстан элитасындағы қожырау парламенттік негізде үкіметті жасақтауды жақтайтын партия ұстанымының дұрыстығын көрсетеді», - дейді. Оның ойынша, «билікті дүниетанымдық және саяси көзқарастары ұқсас адамдар жасақтамай, қазіргідей қайшылықтар күшейе береді». «Биліктегі ымараның жоқтығына Заманбек Нұрқаділов пен Григ орий Марченконың отставкасы айғақ бола алады», - дейді Алтынбек Сәрсенбаев.