Мұнай бағасының өсуі ғаламдық инфляция ұлғаяды деген қорқынышты туғызды. Әлем елдерінің орталық банктері мұнай бағасынан соң енді кез-келген бағаның көтерілуін аңдып отыр. Дегенмен, кейбір экономистер биік инфляцияның қайта бас көтеруі мүмкін емес, әлем елдерінің экономикалары әлі де болса әлсіз, сондықтан ақша айналымында дағдарыс болмайды дейді.
Таяу Шығыста мұнай тасымалына қарсы жасалған террорлық шабуылдардан соң мұнай бағасы соңғы 21 жылдағы ең биік межеге жетті, бір баррель үшін 40 доллардан асып жығылды. Мұнай бағасы өскен соң энергия көздерін молынан пайдаланатын компаниялардың тауарлары қымбаттайды, бұған тұтынушылар өз еңбегінің бағасын арттырып жауап береді, сөйтіп инфляция құйыны күшейе береді. Бұл күңгірт сценарийды жазушылар 1970-ші жылдардағы және 1980-ші жылдардың басындағы экономикалық жағдайды еске алады, мұнай бағасының өсуі аса биік инфляцияны қоздырған болатын, бұдан соң экономикалық құлдырау болды.
Франкфурт қаласындағы "Дойче банк рисорч" орталығының экономисі Штефан Шнайдер мәселе жайында "Азаттық" радиосының тілшісі Марк Бейкерге сұхбат берді. Штефан Шнайдер кейбір тұтыну бағаларының жақында өскенін жалпы бағалардың өсе бастауы ретінде қабылдауға болмайды дейді.Осыдан отыз жыл бұрынғы жағдаймен қазіргі жағдайдың айырмашылығы өте үлкен, төрт жылға созылған баяу қалыптан кейін негізгі экономикалық базарлар әлі де болса әлсіз, дейді Штефан Шнайдер. Осыдан бір жыл бұрын экономистер инфляциядан көрі дефляция жайында алаңдаушылық танытты, баға өскеннен көрі құлдырайды деп ескерткен болатын:
- Жалпы жағдайдың көрінісі, әсіресе Германияда, жалпы басқа елдерде экономиканың әлі де болса өте әлсіз екенін көрсетеді. Мұнайдың қазіргі жоғары бағасы инфляцияны қоздыра алмайды. Әйтпеген жағдайда нарықпен орталық банктің алаңдаушылығына бұл себеп болар еді. Бірақ, дәл қазір мен оған негіз таба алмай отырмын.
Америка Құрама Штаттарындағы және Еуропадағы кейбір зерттеулер бағалардың аздап болса да өсіп жатқанын көрсетеді. АҚШ-та мамыр айында жарияланған статистикалық зерттеулер бағаның бір жылда шамамен 4,4 пайызға өсетінін көрсетті. Ал өткен жылғы бағаның өсуі Америка Құрама Штаттарында 1,9 пайызды құрады, салыстыратын болсақ. Негізгі себеп – энергия көздерінің қымбаттауында. Еуропаның еуро аймағында инфляция мамыр айында жылдық өлшемде 2,5 пайызды құрады. Көкек айында бұл көрсеткіш 2 пайыз болатын.
Экономистер толыққанды қортынды жасауымызға бұдан әлде қайда көп мәлімет қажет дейді. Орталық банктер болса аса сақтық қамымен үстемдік ақыларын көбейтуге бет алды. АҚШ-тың орталық банкі маусым айының соңғы екі күнінде үстемдік пайызын көтермек, бұл соңғы төрт жылда болмаған жағдай.
Инфляцияның табиғатында халықтың психологиялық алаңдаушылығы да басым. Бағаның толқын-толқын өсуін күткен халық өз қимылдарымен инфляцияның ауыздықтан шығып кетуіне сылтау табады. Дегенмен, германиялық экономист Штефан Шнайдер 1980-шы жылдарға қарағанда, банк жүйесінің беделі жоғары дейді:
- Орталық банктер соңғы жиырма жылда инфляцияның алдын алуға негізі үлкен жұмыс жасады. Бағаның қазіргі секіруі инфляцияның жалпы көтерілуіне әкеп соқпайды. Орталық банктер бұған жол бермейді деген тұтынушылармен жалақы табушылардың сенімі әлі де болса мол.
Сондықтан, дейді Штефан Шнайдер, мұнай бағасы жалпы инфляцияны жалындатқысы келсе орталық банктердің қазіргі мүмкіншіліктері бұған төтеп бере алады.