Қазақстанда биыл мектеп бітіруші түлектер алғаш рет Бірыңғай ұлттық тест тапсыруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің шешіміне сәйкес 40 баллдан төмен балл жинағандар жоғары оқу орнына қабылданбайды.
Алдын-ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, маусымның 10 мен 13 аралығында Қазақстан республикасы бойынша137 мың 925 бала Бірыңғай ұлттық тест тапсырған. Оның ішінде 79 мыңнан астамы мемлекеттік тілде, 58 мыңнан астамы орыс тілінде тапсырған. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова «Олардың ішінде 900-ге тарта бала 101-120 аралығында ең жоғарғы балл жинап отырса, 33 611 мыңы 40 баллдан төмен алғандар».
Ал 14 маусым күні Астана қаласы бойынша 1200-ден астам түлек Бірыңғай ұлттық тестке қатысты. Оқушылардың ата-аналарымен, мұғалімдерімен тілдескенімізде олар алдын-ала дайындық кезінде келген кейбір сұрақтарға байланысты түсінбестік танытты. Астана қаласындағы №9 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Амангелдіқызы қосымша тест сұрақтарын қараған кезде кейбір сұрақтар жауаптарымен сәйкес келмейтіндігін, бір-біріне қарама қайшы келетін де сұрақтардың бар екендігін айтады. «Қазақ тілі - ең бай, әрі қуатты тіл» деген кімнің сөзі? Осындай сұрақ бар. Мұндай қанатты сөзді Бауыржан Момышұлы да, Мұхтар Әуезов те айтқан. Болашақта осылар ескерілсе» дейді.
Маусымның 14 күні 1200-ден астам оқушының БҰТ тапсыруы керек болса, олардың әлде бір себептермен келе алмай қалғандары да бар екен. Білім және ғылым миинстрлігінің өкілі Дәмірғали Оңалбаевтың айтуынша, енді ол балалар жоғары оқу орындарына қабылданбайтын көрінеді. Және 40 баллдан төмен алған балалардың сертификатына жоғары оқу орнына бара алмайды деген сөз жазылады екен.
Ал Білім және ғылым министрлігі Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының директоры Такир Балықбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуге дер кезінде келе алмай қалған балалар «мемлекеттік комиссияның шешімімен келесі күні кіруіне болады» деп жауап берді. Егер бала 10 мен 15 аралығында түпкілікті қатыса алмайтын болса, онда бірыңғай ұлттық тестілеуден өткен жоқ деген сөз. Белгілі бір себептері болса, дәстүрлі емтихан тапсырып, қолына аттестат алуына болады, ал нормативті құжаттар бойынша олар жоғары оқу орындарына, орта арнайы оқу орындарына бара алмайды», - дейді Такир Балықбаев.
Маусымның 15-і күні ҰБТ тапсырудың соңғы күні. Білім және ғылым министрлігі мамандарының айтуынша, Қазақстан тарихында алғаш рет өткізіліп отырған бұл сынақтың жалпы қорытындысы 2-3 күннен кейін белгілі болмақ.