Европа одағы осы аптада Грузия, Армения және Азербайжанды өзінің Көршілестік бағдарламасына қосты. Алайда бұл қадам Европа одағына ашылған есік деуге келмейді, бірақ көршілестіктің жаңа бастамасы алдағы онжылдықтарда аталған елдердің Евроодақпен сауда-саттық қатынасын нығайтып, саяси талқылаулар мен еркін байланыстарға баруына жол ашады. Бұдан былай Евроодақтың оң көзқарасына Грузияның көбірек ие болатындығы байқалса, Таулы Қарабақ жанжалы Армения мен Азербайжан үшін әжептәуір кедергі болуы ықтимал дейді шенеуніктер.
Оңтүстік Кавказ елдері арасында Европа одағының шенеуніктері Грузияға көбірек сенім артатындығы аңғарылады.
Оңтүстік Кавказды көршілестік саясатқа қосу жөніндегі шешімді дүйсенбі күні одақтың Сыртқы істер министрлері қағаз жүзінде мақұлдаған болатын.
Оңтүстік Кавказ үшін Европа одағындағы арнайы өкілі Хеикки Талвити сейсенбі күні Брюсселде сөйлеген сөзінде Грузияның жетекшілік ролін мақтап-мадақтаған еді: -Негізінен өткен шілде айында мен жұмысты бастағанда бізде күн тәртібінде Оңтүстік Кавказбен қарым-қатынасты қалай дамыту жөнінде мәселе тұрды. Одан кейін күтпеген жерден Грузияда орын алған бейбіт немесе мақпал революция көп жайттарды жылдамдатып жіберді. Грузия халықаралық саясаттың негізгі арқауына айналды. Сөйтіп көптеген елдермен АҚШ, Ресей, Түркиямен қатар Грузия да күн тәртібінде алдыңғы қатарға шықты. Бұның өзі біздің Оңтүстік Кавказбен қарым-қатынастарымызға өзіндік ықпал етті,-дейді дипломат.
Михаил Саакашвили Грузияның жаңа жас президенті ретінде елдегі реформаларды өзінің екі көршісіне қарағанда алға жылжытқан. Евроодақтың Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Грузияның әділет, сот жүйесіне көмектесу үшін заңдық басқару жүйелерін ретке келтіру қызметін бастайтын болып шешті.
Сәрсенбіде Грузияға демеушілік жасайтын Әлемдік банк спонсорлары Брюсселде жиналды. Бұл бас қосуда АҚШ пен Ресей Европа одағының мемлекеттерімен жане Европа комиссиясымен қатарласа иық тіресіп отырды.
Шенеуніктердің айтуынша, 2004-2006 жылдардағы көмек көлемі 500 миллион евроға жетіп қалады. Жеке пікір білдірген Ероодақтың ресми өкілі одақта таңдау жоқ, дегенмен де басты көңіл Грузияға бөлінеді дегенді айтқан. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізіп жатқан Саакашвилиге деген сенім көбірек байқалады. Сондай-ақ жақында Аджария басшысы Аслан Абашидзенің де бейбіт жолмен залалсыздандырылуы Саакашвилидің қимылдарын нығайта түскен болатын.
Одақтың ақпарат көздері бұл ретте Талвитимен бірге АҚШ-ң Грузиядағы елшісі және Ресейдің бұрынғы сыртқы істер министрі Игор Ивановтың атқарған арағайындық ролі маңызды болды деп атап көрсетеді. Дегенмен Евроодақ Грузия аймағындағы жанжал туып кетуі мүмкін Оңтүстік Осетия мәселесіне алаңдаулы. Саакашвилидің алдында тұрған басқа бір мәселе ол оппозицияны болдырмау дейтіндер де бар. Ал Армения мен Азербайжан болса бұл тұрғыда кейіндеу қалып тұр, олардың басты маселесі Таулы Қарабақ екендігі аян.
Евроодақ шенеуніктерінің бірі Азаттық радиосына біз бұл екі елге де көмектескіміз келеді, алайда әскерлер бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрған жерде көп ешнәрсе жасай алмайтындығымыз анық деп айтқан. Ал дипломат Талвити бұл екі елдегі демократиялық реформалар да өте баяу дейді. Евроодақ өкілдерінің айтуынша, Армения мен Азербайжан бұл жағдайдан шығу үшін көптеген қадамдар жасауы керек. Ал одақтың өзі алдағы уақытта формалді арағайындыққа бармайды дегенді аңғартады ақпарат көздері. Оның орнына Евроодақ ықпалды көмек жағында тұр дейді Талвити.
-Егер бейбіт жағдайды бастауға деген кейбір бағдарламаға қажеттілік болса, Евроодақ ондай бағдарламалармен айналысуға әзір. Шындығында оң бастамалар жасап, мәселені жеңілдетуге, шешім табуға одақтың күш жұмсағысы келеді,-дейді Талбити.
Бұл ретте ЕО. Ресеймен, Түркиямен байыпты келіссөздерді жалғастырып келеді. Дипломат Талвити сонымен бірге Грузияның Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймақтары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру үшін ЕО нақты шаралар дайындап жатыр деп атап көрсетеді.
Евроодақ жетекшілері сондай-ақ соңғы кездері бұл аймақта Ресейдің игілікті рол атқара бастағанын жетістік ретінде атайды. Дипломаттардың бірі Ресей оңтүстік шекарасындағы тыныштыққа мүдделі екендігін таныта бастады деген. Сондай-ақ ол бұл аймақтағы АҚШ пен ЕО-ң дипломаттары арасындағы қарым-қатынастар да өте жақсы деп бағалайды.