Ирақта билік осы айдың соңында уақытша үкіметке ресми тапсырылу керек. Оқиға қарсаңында жоғары лауазымды тұлғаларға қарсы шабуыл, Бағдадта шабуылдар жиілей түсті. Бұл тұрғыдан қарағанда жексенбі күні Ирақ уақытша бас министрі Ияд Аллауи жариялаған шешімнің маңызы өте зор. Ияд Аллауи Ирақтың қауіпсіздік күштері қайта құрылады деп жариялады.
Ирақ уақытша бас министрі Ияд Аллауи көтерілісшілерге қарсы ерекше әскери жасақтардың құрылуын жариялады. Ияд Аллауи жексенбі күні Бағдадта өткен баспасөз мәслихатында ел тыныштығын орнату жөніндегі ең жоғары басшылық өзіне жүктелгенін және барлық қауіпсіздік күштерінің үйлесімдігін өзі тікелей қадағалайтынын жариялады. Ияд Аллауи халықаралық қауымдастыққа қайырылып, Ирақ қауіпсіздік күштеріне қызметін толық атқаруға көмектесуге шақырды, бұл мұқтаждығымыз орындалғанша ирақтықтар Америка Құрама Штаттары бастаған бірлестіктің көмегіне зәру болады деп сипаттады.
Бас министрдің жоспары бойынша Ирақ әскері штаб бастығы және қорғаныс министрі арқылы, полиция және басқа қауіпсіздік күштері ішкі істер министрі және басқа тиісті министрлер арқылы оған мерзім-мерзім есеп беріп отырады. Жоспардың негізінде Ішкі қауіпсіздік жөнінде ұлттық директорат құрылады. Негізгі шаруа – террористердің алдын алатын арнаулы жасақтарды құру, деді Ияд Аллауи:
- Қаһарман полиция жасақтарымыз бұл майданның алдыңғы шебінде болады. Арнаулы полиция жасақтары қазір жаттығып жатыр, олар терроризмге қарсы күрес үшін, көтерілістердің алдын алу үшін, көтерілісшілерге қарсы қимыл үшін қару-құралмен жабдықталды. Арнаулы полиция жасақтары аймақтық полиция департаменттеріне көмек көрсететін болады.
Ияд Аллауи Ирақ Азаматтық қорғаныс корпусы енді Ирақ Ұлттық гвардиясы деп аталады деп жариялады. Ұлан жасағы ішкі қауіпсіздік науқандарына атсалысады, полицияға қолдау көрсетеді. Ирақ Ұлттық гвардиясында 6 аймақтық қос, 18 бригадалық қос және кемінде 50 батальон болады. Шекара әскеріне заманауи құрал жабдық берілмек. Ирақ әуе күштері соңғы аптада шабуылдардың салдарынан тоқтап қалған мұнай инфрақұрылымын бақылауға көмектеседі. Ияд Аллауи жоспар жобасы жөнінде АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вульфовицпен, Британия қорғаныс министрлігіндегі жоғары азаматтық басшы Кевин Теббитпен ақылдасқанын айтты.