Ирақтағы американдық әкімшіліктің бұрынғы басшысы болған Пол Бремер Саддамға қарсы сот тыңдауларының басталуы Ирақта қазір болып жатқан көтерілістерге әрқилы әсер етуі мүмкін деп айтқан. Бұрынғы Ирақ басшысына берілген топтардың кейбірі қарсыласуды қойып, жеңілгендіктерін мойындаса, керісінше кейбір топтар күресті күшейтіп, Ирақтың қайта құрылуына кедергі келтіруді жалғастыра береді деген Пол Бремер.
Пол Бремер Ирақтың бұрынғы билеушісі Саддам Хуссейінге айыптаулар бойынша сот тыңдауларының басталуы жөнінде өз ойларын шілденің 5-і күні айтыпты.
-Менің ойымша Саддамға қарсы соттың болуын дұрыс жағдай деп қабылдаған жөн. Саддамның ұсталуы төңірегінде де көзқарас әртүрлі болды, тіпті сол Ирақта тұрған біздер үшін де. Оның тұтқынға түсуін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алғандар ұлдарының өлімін де солай қарсы алды, бірақ шындығында бұл драмалық жағдай болды. Енді осы аптада Ирақ тұрғындарының сот тыңдаулары басталғанын көргені де менің ойымша пайдалы жағдай болады,-деп атап көрсеткен Пол Бремер.
Ирақтың бұрынғы әкімшілік жетекшісі Пол Бремер Саддам Хуссейін сотына қатысты бұл ойларын адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айып тағулар бойынша сот тыңдаулары басталғаннан кейін айтқан. Бремердің бұл айтқандары АҚШ теледидарының бірінен жексенбі күні көрсетілген. Вашингтон мен Ирақтың ресми шенеуніктері Саддамға қарсы айыптаулар бойынша тыңдаулардың басталуы Ирақ халқының демократиялық мемлекет құруға деген сенімін арттыра түсті деп атаған.
Мұнымен бірге АҚШ бастауындағы таратылған коалициялық биліктің басшысы Саддамға қарсы сот ісінің басталуы- Ирақтың өз ішіндегі кейбір элементтерге әртүрлі әсер етуі мүмкін дегенді де айтқан. Оның айтуынша, Саддамның Ирақтың уақытша үкіметінің қолында ұсталуы жане оған қарсы сот тыңдауларының басталып кеткенін көрген Саддамға берілген кейбір топтар ақырында жеңіліс тауып, қаруларын тастап бас июлері мүмкін. Бірақ та, дейді ол, керісінше ендігі бір топтар өз басшыларының Ирақтың қазіргі әкімшілігі қолында отырған мүсәпір түрін көріп, бұрынғыдан да бетер ашу-ызаға мініп, күресті күшейте түсуі де мүмкін дегенді айтады.
-Бұның екі түрлі әсері болады. Кейбіреулер шындығында Саддам кезеңі келмеске кетті, ол енді сот алдында жауап береді десе, келесі біреулері керісінше бұған одан сайын кектеніп, шабуылдарын үдете түседі, міне осындай аралас әсер орын алады,-деген Бремер.
Саддамның сот алдына келтірілуі Ирақтың кейбір тұрғындары арасында ашу-ыза тудырады дегеннің дәлелі ретінде сенбі күні бұрынғы Ирақ билеушісіне қолдау көрсеткендердің шеруге шыққанын айтуға болады.
Орталық Ирақтағы өткен желтоқсан айында Саддам қолға түскен жерге жақын маңдағы қалада бұрынғы Ирақ президентіне қолдау білдірушілердің шеруінде олар әндетіп, қаруларынан оқ атып, ескі режимді көксейтіндіктерін айқын көрсеткен. Дегенмен де бұндай шерулер мен Ирақтың мұнай орындарында, құбыр жолдарындағы инфраұрылымды көздеген қарсылықтар Бағдадтың жанындағы сот залында отырған Саддам мен оның бұрынғы 11 көмекшісіне қарсы басталған сот тыңдауларына әсер етпесе керек.
Ирақтағы американдық биліктің бұрынғы басшысы Пол Бремер басқа топтар жеңіліс тауып немесе олардың кейбірі Ирақтың жаңа тәртібімен өз ара келісімдерге келетін болса да, иордандық Абу Мусаб әл-Зарқауи бастаған экстремистік топ сол қарсылық белсенділік жағдайында қала беруі мүмкін дегенді де ойын айтқан.
Ирақтың премьер-министрі Ияд Аллауи көтерілісшілерді басып, ауыздықтау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қатал заңдар енгізуге уәде еткен болатын.
Алайда дүйсенбі күні Үкімет аптаның аяғына белгіленген жаңа заңды жариялауды ешбір түсіндірмесіз белгісіз мерзімге кейінге қалдырған.
Бірқатар жоғары билік өкілдері журналистерге бұл жаңа заң жобасы жөнінде былай деген. Демек ол заң бойынша кейбір қызу аймақтарда коменданттық сағатты енгізіп, өлім жазасын қайта орнықтырар еді, сондай-ақ партизандардың қаруларын тастап, бейбіт өмірге оралулары үшін оларға кешірім жарияланған болар еді дегенді айтқан.
Аллауидың баспасөз өкілі Георгес Сада егер көтерілісшілер американдықтарға қарсы күрескен болса, біз оларға кешіріммен қараймыз, өйткені олар американдық оккупацияға қарсы қолдарына қару алды. Біз оларға бостандық береміз деп айтқан болатын. Дегенмен де ол американдық солдаттарды өлтіргендерге мұндай кешірім болатын болмайтындығы жөнінде ашып айтпаған, бұл мәселе әлі де талқылану үстінде дейді ол.