«Ақ жол» партиясына жасалып отырған қысым кейбір басылымдарда сөз болып отыр. Мәселен, осы орайда парламент депутаты Төлен Тоқтасынов қазіргі жағдайды бірнеше жыл бұрын Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының басшылары қуғындалған уақытқа ұқсатады. Сонымен қатар электронды дауыс беру жүйесі газеттерде әлі күнге дейін қызу пікірталас туғызып отыр.
«Время» газетінде Парламент депутаты Төлен Тоқтасынов қазір Қазақстанда 2001-2002 жылдары болған оқиғалар қайталанып отыр деген пікір білдіреді. Оның айтуынша, «кезінде Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының басшылары бастан кешірген қиындықтарды, яғни, бизнес-құрылымдарға қысым көрсетілуі, ақпараттық шабуыл, соңғы мәліметтер бойынша, қылмыстық істердің қозғалуы – мұның барлығын енді «Ақ жол» партиясы бастан кешіріп отыр». Ол тіптен кезінде түрмеге қамалған Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әблязовтың орнына да бүгінде кез-келген адамның бара алатындығын айтады. «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменов «Жас алаш» газетінде шынымен өз партиясына жан-жақты қысымның көрсетіліп отырғанын мойындайды.
Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы партияға сын-пікірлер білдіріп жүрген президенттің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевты жекешелендіру кезінде Қазақстан байлығын тегін иемденген топтардың қолшоқпары деп баға береді. Әлихан Байменов өз сұқбатында соңғы кезде сол шикізаттық топтардың үлкен мемлекеттік шешімдерге әсер етіп, мемлекеттің саясатына қол сұға бастағанына өкініш білдіреді. Оған дәлел ретінде Шет ел инвесторларының соңғы отырысындағы оқиғаныны тілге тиек етеді. Оның сөзіне қарағанда, осы партияның теңтөрағасы Ораз Жандосов Монополияға қарсы агенттікке келгеннен кейін шикізат алпауыттарының заңсыз пайдаларын мемлекетке қайтара бастаған. «Содан кейін олар бірден жанталасып, тырнақшаға алынған режиссерлердің ұйымдастыруымен шетел инвесторлары алдында президенттің белгілі жауапты айутына мәжбүрлейтіндей жағдай туғызды», - дейді «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменов «Жас алаш» газетінде. Ол өз партиясына қоққан-лоққының көбеюінің себебін «Ақ жол» - билікке жан-жақты интеллектуалды, біліктілік жағынан балама бола алатын бірден-бір күш екендігімен түсіндіреді.
Ал «Түркістан» газеті шілде айынан бастап президент әкімшілігі, «Отан» және бірлескен Азаматтық-Аграрлық партия блогы үш жақтан келіссөздер жүргізе бастағанын жеткізеді. «Мақсат – қайсы округта қай партияның өкілі түсетінін анықтап, кандидаттарды сүзгіден өткізу», - дейді мақала авторлары. Олардың айтуыларынша, «алғашқы өткен келіссөз кезінде-ақ президент әкімшілігіне сүйенген «отандықтар» - «алюмийшілер» имен «элеваторшыларды» тықсырып, өзімбірлік танытқан». Сонымен бірге басылым билік партиялары мен президент әкімшілігі арасындағы келіссөздерден «Асар» партиясының тысқары қалғанын аңғарыпты.
«Литер» газеті сайлау кезінде электронды дауыс беру жүйесінің енгізілуіне сәйкес әлі 5 миллион сайлаушының құжатына штрих-кодтар жапсырылуы керектігін хабарлайды. Яғни, күніне 180 құжат сүзгіден өткізілуі тиіс. Бұл мақсатқа бүгінде ішкі істер министрлігінен 11 мың қызметкер тартылған. «4 миллард теңгені жылына 1-2 рет қолданылатын электронды жүйеге ысырап етуге парламенттің, үкіметтің шешім шығаруы – ел алдындағы нағыз жауапсыздық, жаны ашымағандықтың белгісі», - дейді «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменов «Жас алаш» газетінде. Ол: «компьютерлік бағдарлама әзірленген кезде қалай дауыс берсе де, соңында есеп басқаша шығатындай жасауға болатындығын инженер маман ретінде жақсы білемін», - дейді.
Ал Орталық сайлау комиссиясының Алматы қаласындағы тұрақты өкілі Маргарита Кухаревская болса, «Айқын» газетінде жаңа жүйенің жетістіктерін айта келіп, кемшіліктің де болуын жоққа шығармайды. Оның айтуынша, «техниканың аты техника. Қаншалықты тексерістен өткенімен жүз пайыз кепілдік берілген ештеңе жоқ. «Егер жазатайым техника бұзылып қалған болса, амал жоқ, сайлаушылар бұрынғыша бюллетеньмен қайтадан дауыс беруге мәжбүр болады», Орталық сайлауком өкілі. Оның айтуынша, электронды дауыс беру жүйесі ақзірше жоба ретінде үлкен орталықтарда ғана экспериментті түрде іске қосылады.