Мәселен Тәжікстанда жоғарғы оқу орнының студенті бір курстан екінші курсқа өту үшін орташа айлық жалақы көлемінде үш рет пара беруі қажет болады. Қазақстандағы университеттің бірінде студенттер ұстаздарының Мәскеуге барып келетін жолына керекті ақшаны жинап берген. Түркменстанда болса, жоғарғы білім алу қалтасын қағатын болған соң жастардың сырт елдерден оқу іздеуіне тура келеді. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл Орта Азияда білім беру саласындағы парақорлық пен жемқорлық ең бір күрделі мәселе деп айтуға болады.
Иә, Орта Азия мемлекеттерінде жоғарғы білімді бала оқи ма, жоқ оның әке-шешесінің ақшасы оқи ма дейтін кең тараған ұғымның бар екенін, өкінішке қарай көп адам жоққа шығара алмайды. Тақырыпты таратпас бұрын, тәжікстандық мына бір студент қыздың айтқандарын тыңдап көрейік. -Егер шынымды айтсам мен пәндерді жақсы білмеймін. Сондықтан бағаны сатып алуға тура келеді, мен біраз уақыт жұмыс істеп, қаржы тауып, содан кейін профессормен сөйлесуге бардым. Ол айтты жарайды егер сіз курс жұмысын жаза алмасаңыз, маған аздап ақша әкелеңіз мен ол жұмысты сіз үшін жасаймын деп айтты. Мен төледім. Ол менің курстық жұмысымды жазып берді. 120 сомони, шамамен 40 долларды санап бердім. Басқа керек-жарақтарды сатып алған шығынның бәрін есептейтін болсам, барлығы сол 160-170 сомониге, демек 50 долларға түсті деп әңгімелейді студент қыз.
Журналист одан сіз сонда қандай баға алдыңыз деп сұраған ол айтады маған мұғалім төрт деген жақсы баға қойып берді дейді.
Міне мұндай өте таныс жане ұқсас көріністі Орта Азиядағы жоғарғы оқу орындарының бәрінен дерлік кездестіруге болады. Парақорлықтың кең етек алған кесел екендігін студенттер де, мұғалімдер де, тіпті кейбір ресми шенеуніктердің өздері де, ата-аналар да мойындайды.
Осы талдау хабарды әзірлеу барысында Азаттық радиосының тілшілері сұхбаттасқан тұрғындардың басым бөлігі тәуелсіздік алған жылдарда Орта Азия аймағы елдерінде кедейлік жайлап, халықтың әл-ауқаты төмендегенін тілге тиек етеді дейді. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, орта қызметтегі көптеген адамдарың жалақылары тым аз, сондықтан олар басқа да табыс көздерін іздеуге мәжбүр. Парақорлық үрдісі мектептерде де кездеседі. Ата-аналар көп жағдайда ресми емес анаған қажет, мынаған керек дейтін бір төлемдерді төлеуге мәжбүр.
Қазақстан парламентінің мүшесі бұрынғы университет ұстазы Амангелді Айталының да бұл тұрғыдағы ойлары осы айтылғандармен үндес, ол жоғарғы оқу орындарын парақорлық індеті терең жайлап алған дейді.
Біздің тілшілеріміз мұндай парақорлық індеті кең жайылған жағдайда оқуды өз күшімен оқып, таза білім аламын деген студенттер үшін қиын дегенді айтады. Мысалға кейбір мұғалімдер ондай жақсы оқитындардың бағасын көпе-көрнеу төмендетіп, сендер ақша төлеулерің керек дегенді тікелей айтапса да, осындай әрекеттер арқылы білдіреді дейді қазақ стеденттерінің бірі. Ал өзбек студенті не дейді екен бұл тұрғыда:
-Егер студент өз сабағын оқитын болса, ол ақша іздеуге үшін уақыт таппаған болар еді. Мүмкін біраз жылдардан кейін бәрі де өзгерер. мүмкін ақшасыз ақ білім алатын кез болар,- дейді ол.
Әрине парақорлық деген қай салада болсын жақсы құбылыс емес. Дегенмен де талдаушылар мұндай жаман үрдістің білім беру саласында кең етек алуы өте зиянды деген көзқараста. Жемқорлық жүрген жерде әділетсіздікке жол беріледі, өз еңбегімен, талантымен мақсатқа жетемін дегендер үшін талай қиындық туындайды.
Біз келесі әңгімелерімізде парақорлық пен жемқорлықтан пайда болатын проблемалар мен оларды шешудің мүмкін деген жайттарына тоқталатын боламыз.
Оның бір жолы ауызша емтихандардың орнына жазбаша тестілеу әдістерін енгізіп, бүкіл саланы стандарттық бір жүйеге бағындыру болуы да ықтимал. Қазақстан мен Қырғызстан мұндай сынақтарды енгізді де, бірақ жемқорлықтың тереңдеп кеткені соншалық, мәселен қырғыз студенті Жұлдыздың айтқанындай, бұл жаңа жүйенің өзіндік осал тұстары бар көрінеді.