Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасы «Хизб-ут-тахрир» ұйымының мүшелеріне қатысты екі қылмыстық істі сот қарауына бермек

Биылғы жылдың мамыр айының 15-інде Сарығаш қаласында криминалды полиция басшылары «Хизбу-ут-тахрир» ұйымының мүшесі 29 жасар Төленов Жандолланы ұстайды. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының аға инспекторы Иван Елібаев былай баяндайды: - Сарығаш қаласында Исмаилов көшесінің бойында криминалды полиция бөлімінің бастығы Ермеков пен оның орынбасары полиция майоры Арзақұлов 1975-ші жылы туылған Жадолла Төленовті ұстаған.
Ол еш жерде жұмыс істемейді.

Оның айтуынша, Төленов Жандолла «Хизб-ут-тахирир» ұйымының үн парақтарын таратқан:

- Үнпарақ «Қара ниетті Америка архивінен» деп аталады. Тексеру барысында 114 парақ табылған. Тура сол үнпарақтарды таратып жүрген кезде ұсталған. Полиция бастықтары: «неге таратып жүрсің?» дегенде «Алланың аты үшін» деп жауап берген. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 164-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше ана баланы ҰҚК алып кетті...

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерінің сөзіне қарағанда, тамыз айының 5-і күні Төленовпен бірге Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасы қарамағына Сарығаш ауданы Ошақты ауылының тұрғындары 43 жасар Сәмбеталиев пен 33 жасар Ниязовтың істері жіберіледі:

Бұл істер бойынша тергеу жұмысын жүргізген Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы полиция бөлімшесінің қызметкері Марат Оразаевтің айтуынша, өзін «Хизб-ут-тахрир» ұйымының мүшесімін деп есептейтін Ниязов үн парақтар тарату нәтижесінде ұсталған.

- Ниязов Абай ауылының автостанасына үнпарақтар әкеліп төрт адамға таратқан. Үнпарақтарды учаскелік полиция қызметкерлері тапқаннан кейін айғақ ретінде... Оның өзі «үнапарақтарды белгісіз адамдарға таратып бере бердім», - деп отыр. Оншақтысы таратылған. Үйінен біреуі табылды. Қалғаны жоқ.



Сонымен бірге Сәмбеталивтің де, Ниязовтің де үйінен діни әдебиеттер табылған. Полияция қызметкері Оразаевтың айтуынша, тәркіленген әдебиеттерге арнайы сараптама жүргізілген:

- Біз діни әдебитеттер мен үнпарақтарды Алматыға сот-теологиялық сараптамаға жібердік. Нәтижесінде олар Қазақстанға қауіпті деп танылды. Сол себептен, Қылмыстық кодекстің 164-ші бабының 2-ші тармағы және 364-тің 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, оны ҰҚК қарауына бердік.

Жалпы Қазақстан бойынша «Хизбу-ут-тахрир» ұйымының мүшелері дәл осы Оңтүстік Қазақстан облысында жиі ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Мәселен, биылғы жылы «Хизб-ут-тахрир» ұйымының жеті мүшесі биыл қылмыстық жауапқа тартылды дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Тасқынбаев. Оның сөзіне қарағанда, жақын уақытта жоғарыда аттары аталған Ниязов пен Төленовтің істері сот қарауына беріледі.