Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Мәскеуден ұшып шыққан Ресейдің екі бірдей жолаушы ұшағы апатқа ұшырап, 90-дай адам опат болды. Домодедово әуежайынан екі бағытқа бет алған бұл ұшақтардың апатқа кез болған уақыттары бірер минут айырмасын есепке алмағанда, бір мезгіл десе де болғандай. Ресей президенті Вл. Путин бұл төтенше жағдайларды шұғыл тергеп-тексеруге тиісті орындарға тапсырма берген. Шешенстанда өтетін президент сайлауы алдында мұндай лаңкестікке шешен сепаратистері баруы мүмкін деген де көзқарас-пікір бар.
-Бірінші "Волга-Авиаэкспресс" компаниясының ТУ 134 ұшағы Волгоград бағытында шамамен 22.30 да түнгі аспанға көтерілген. Оның бортында 34 жолаушы мен экипаждың 8 адамы болған. Апатқа ұшырағанға дейін ол қауіпсіздік биіктігі деп аталатын ең жоғары биікке көтеріліп үлгерген болу керек.
Шамамен Мәскеуден 180 шақырым алыстаған кезде Тула облысының маңайында ұшақ бортында бір жағдай болғаны сезіледі де, жердегі диспетчерлермен арасында байланыс үзілген жане ол қайтып қалпына келмеген. Тек түнгі сағат екілер кезінде Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Тула аймақтық бөлімінің қызметкерлері құлаған ұшақтың құйрық жақ бөлігін тапқандарын жане тірі қалған адамдардың болмағанын хабарлаған. Осы төтенше жағдайлар агенттігінің айтуынша, ұшақтың құлауына оның ішінде болған жарылыс себеп болған көрінеді. -Тула түбіне құлаған Ту 134 ұшағы бойынша стенографиялық жазбалардың бірі ешбір бүлінбеген қалпында табылды, қазір екіншісі іздестіріліп жатыр. Барлық қаза тапқан адамдардың денелері де табылды,-деген Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу сәрсенбі күні Мәскеуде журналистер алдында.
Ал бүл түні құлаған екінші ұшақ Домодедовадан алғашқы апат болған ұшақтан 40 минут бұрын ұшып шыққан екен. Негізінде Мәскеу- Сочи бағытындағы "Сібір" авиакомпаниясының бұл 1047-ші рейсі кесте бойынша 21.25-те әуеге көтерілуі тиіс болған. Дегенмен ұшақтардың кестесінде өзгерістер болып тұрады, сонымен бұл ұшақтың әуеге бет алған уақыты шамамен 21. 40 болса керек. Онда Сочиге демалуға бара жатқан 38 жолаушы және үш ұшқыш пен 5 бортпроводник болған.
Құтқарушылар әзірге Ростовтан 138 шақырым жерге құлаған бұл ұшақтың қираған бөліктерін таба қоймаған, тек жану ошағы ғана табылыпты. Алғашқы ұшақ түнгі 22сағат 56 минутта құласа, екіншісі одан үш минут өтісімен сондай жағдайға тап болды деп хабарлайды жаңалықтар агенттіктері. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, алғашқы Ту154 ұшағы құлар алдында ұшақты біреулер басып алды дегене ұқсас белгі беріп үлгерген, ал екінші ұшақ құламастан бұрын аспанда жарылған тәрізді. Әзір екі ұшақтың да апатқа ұшырауының нақты себептері дәл анық емес.
Ресейдің билік басылары сәрсенбіге қараған түні болған бұл қос ұшақ апатын террорлық шабуылдан деген бағытты ұстанған болатын. Бірақ террорлық шабуыл жасалды дегенді дәлелдейтін қандай да бір белгілер әзірге нақты қолға түспеген. Бұл жөнінде Ресейдің Федералдық барлау басқармасының бастығы Сергей Игнатенко былай деген:
-Апаттардың бірнеше болжам себептері қарастырылып жатыр, оның негізгісі – азаматтық авиация ережелерінің бұзылуы. Сонымен қатар террорлық акт болуы мүмкін деген де болжам бар, бірақ та оның қазірге дейін қандай да бір дәлелі табылған жоқ.
Президент Федералдық барлау қызметі мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне болған жайттың барлық жай-жапсарын тез арада тергеп-тексеріп анықтауға тапсырма берді деп атап көрсеткен президенттің баспасөз өкілі Алексей Громов жаңалықтар агенттігіне.
Итар-Тасс агенттігі құлаған екі ұшақтың да стенографиялық жазба жәшіктері табылып, Мәскеуге тексеріп-зерттеуге жіберілді деп хабарлады. Ал Волгоградтағы халықаралық әуежайдың бас директоры Юрий Дмитриев былай дейді:
-Ұшқыш қандай да бір қате жіберді деп мен ойламаймын. Өйткені ең бір күрделісі мұндай кластағы әуе кемесінде қандай да бір төтенше жағдай болып, өрт немесе маңызды бір тетіктің істен шығуы сияқты күрделі сәттерде ұшқыштың жерге хабар бере алатындай мүмкіндігі болады.
Туполев ұшақтарын пайдаланатын "Волга- Авиаэкспресс" әуе компаниясының директоры Балычкин самолеттер ұшар алдында мүқият тексеруден өткізілген дегенді айтады.
Бүл күндері Сочиде жүрген Ресей президенті Вл. Путин бір түнде орын алған екі бірдей әуе апатынан кейін қауіпсіздік шараларын күшейту мәслелесіне басты назар аударды. Ресейдің ішкі істер министрлігі адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік үшін қосымша шараларды күшейткен.
Апатқа кез болған екі ұшақты да жақында президент сайлауы өткелі отырған Шешенстан көтерілісшілері басып алды ма деген де күдік-сақтану бар. Соңғы жылдарды Ресейде болған бірқатар лаңкестік оқиғаларға шешен көтерілісшілері айыпты деп табылып келе жатқаны белгілі. Шешен сепаратистерінің жетекшісі Аслан Масхадовтың өкілі бұл апаттарға Масхадовтың қатысы жоқ дегенді айтқан сәрсенбі күні.
Әл-Жазира телеарнасында сөйлеген сөзінде тағы бір өкіл сепаратистік үкіметтің террорлық шабуылдарға ешқандай қатысы жоқ, біздің нысанамыз тек қарулы күштер деп атап көрсеткен. Ал Азаттық радиосына жақында берген сұхбатында Аслан Масхадов шешеннің радикалды дала командирі Шаміл басаевпен террорлық шабуылдар шешен қарсылығына тек зиян келтіреді деп бір келісімге келгені туралы айтқан болатын. Ресейдің ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі ұшақтан билеттерін тіркеуден өткізгенімен, самолет ұшар кезде келмей қалған алты адам болыпты.