Халықаралық терроризм мәселесі ауызға алынғанда әдетте "Әл Қаида" және "Талибан" қозғалыстары бірінші аталады. Дегенен, екі алып ұйымның айырмашылығы үлкен, мұны екінің бірі білмейді. "Азаттық" радиосына сипаттама берген белгілі екі сарапшы "Әл Қаида" және "Талибан" қозғалыстарының айырмашылығын егжей-тегжейлі түсіндіріп отыр. "Талибан" билігі осыдан үш жыл бұрын Ауғанстанда құласада бұл мәселе әлі де болса өте маңызды.
11 қыркүйек шабуылдарынан соң көптеген жұрттың назары Ауғанстанға ауды. Дегенмен, осы кезеңнің өзінде кейбір саясаткерлер "Әл Қаида" және "Талибан" қозғалыстарының айырмашылығын түсінген жоқ. "11 қыркүйек шабуылдарын "Талибан" жасаған емес деп жөн айтқанымда АҚШ Конгресінің бір депутаты қатты таң қалған еді", - дейді Барнет Руббин деген сарапшы. Барнет Руббин Нью-Йорк университетіндегі Халықаралық серіктестік орталығының директоры.
11 қыркүйек шабуылдарын жоспарлаған және іске асырған – "Әл Қаида" ұйымы. Бұл террорлық ұйымның тамыры 1980-шы жылдары Совет Әскеріне төтеп берген Ауғанстанда жатқаны рас, алайда оның қатары негізінен ауғандық азаматтардан емес, араб текті жауынгерлерден және исламшыл жауынгерлерден құралған. "Талибан" қозғалысының қатары Пәкістандағы босқындар ауылдарында өскен ауғандық жастардан құралды, бұлар Совет Әскерінің ықпалынан қашқан миллиондаған ауғандық пуштунның балалары болатын. Медреселерде хат танып шыққан бұл жеткіншектер атажұртына қару ұстап қайтты бір кезде. "Әл Қаиданың" ерекшелігі болса – бұл ғаламдық өлшемдегі террорлық ұйым, дейді Барнет Руббин:
- "Әл Қаиданың" мақсат-мұраты ғаламдық сипатта және жекелеген мемлекеттің шеңберімен шектелмейді, көздегені – ғаламдастырылған ислам жихадының бір түрі. Бұл жихадтың жаңа бір сипаты болып тұр – Америка Құрама Штаттарына қарсы алып күшке қарсы шыққандай соғыс ашу. Бұл ғаламдасқан антиимпериалистік қозғалыстың сипаты, исламды олар идеология ретінде қабылдап отыр.
Барнет Руббин нақтылап отырғандай, "Әл Қаидаға" қарағанда "Талибанның" ғаламдық ұмтылысы жоқ. Бұлардың басшалары да әр түрлі болмыстағы адамдар. "Талибан" жетекшісі Омар молда – ортақолды адам. "Әл Қаида" басшысы Осама бин Ладен болса – Сауыд Арабиясындағы бай әулеттің тұяғы, бірнеше тілде сөйлейді, Батыс елдерінде көп болған. Осама бин Ладеннің жақын адамдары да жоғары білімді азаматтар, 11 қыркүйек шабуылдарын жасағандардың көпшілігі де – Европада тұрғандар, университет білімін алғандар.
Рахул Беди дейтін екінші сарапшыға келетін болсақ – ол оңтүстік-азиялық және американдық сарапшылардың көпшілігі сияқты "Талибан" қозғалысын Пәкістан барлау және әскери мекемелері дүниеге әкелді деп біледі. Рахул Беди Лондонда орналасқан "Джейнс Терроризм энд секюрити монитор" басылымында жұмыс істейді:
- Шынтуайтында "Талибан" Пәкістан ішінен шықты. "Талибан" басшылығына келген көптеген азаматтар негізінен Пәкістанның Балучистан провинциясында және онымен шектес солтүстік-батыс провинциясында медреселерде оқып шыққандар. Пәкістан әскери және ішкі барлау мекемелері сосын оларды Қабулға орналастырды, байланыс, ақпарат және қаржылай көмек мәселелерін қарастырды.
11 қыркүйектің шабуылдарына "Талибан" қозғалысы атсалысқан деген мәлімет пайда болған соң Пәкістан президенті Перүез Мұшарраф "Талибанмен" барлық қатынасымызды үздік, терроризмге қарсы соғыста Америка Құрама Штаттарын қолдаймыз деп шықты. Дегенмен, Барнет Руббин және Рахул Беди сияқты сарапшылар Пәкістан билігі "Талибанға" тойтарыс бермей, антитеррорлық қызметінің нысанасына тек "Әл Қаиданы" алып отыр дейді.