Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан АҚШ Республикандық партиясының съезінде президент Джордж Буш соғыс кезеңінің мызғымас жетекшісі деп қошеметтеліп жатыр. Мәселен, сенатор Джонн Маккейн және Нью-Йорк қаласының бұрынғы әкімі Рудольф Джулиани президент Буштың терроризмге қарсы саясатын қызу қолдады, Саддам Хұсейнді биліктен кетірген соғысты жөнімен жасалған науқан деп сипаттады. Нью-Йорк қаласы осыдан үш жыл бұрын террорлық шабуылдардың нысанасына алынған, сондықтан осы жағдай тілге көп тиек етіледі.
Республикандықтардың төрткүндік жиыны дүйсенбіде басталған сәтте президент Джордж Буш қырағы қолбасшы, терроризмге қарсы соғыс деген аса қиын науқанды бастауға батылы жеткен жетекші деп қошеметтелді. Бұл сипаттама республикандықтардың қарсыластары демократтардың тарапынан айтылып жатқан сынға мүлдем қайшы. Оның үстіне жексенбі күні Нью-Йоркте Ирақтағы соғысқа қарсылық айтқан аса үлкен шеру өтті. Сенатор Джонн Маккейн, Нью-Йорк қаласының бұрынғы әкімі Рудольф Джулиани және Республикандық партияның басқада тұлғалары президент Буш 11 қыркүйек шабуылдарына жөнімен тойтарыс бере алды, дағдарысты төтеп бере алды деп сүреттеді. Өзі де ұрыстың не екенін білетін Вьетнам соғысының ардагері Джонн Маккейн президент Бушқа дүниежүзінің қауіпсіздігін арттырғаны үшін, әлемдегі азаттықты ұлғайтқаны үшін мақтау айтамын деді.
Джонн Маккейн ең алдымен дипломатиялық әрекеттердің мүмкіндігі таусылғанын алға тартады. Ирақ басшысы Саддам Хұсейнге қарсы шара қолданылмағанда, Америка Құрама Штаттатырына төнген қауіп одан да зор болар еді, дейді Джонн Маккейн:
- Біздің таңдау мамыражай статус-кво және қырғын соғыс арасындағы таңдау болған жоқ. Бұл не соғыс, не оданда зор қауіптің арасындағы таңдау болды. Бұдан өзге әңгімені кімде кім сіздерге айтса, оған жол бермеңіздер.
Джордж Бушқа осы сипатта мақтау айтқан Нью-Йорк қаласының бұрынғы әкімі Рудольф Джулиани Америка Құрама Штаттары президентінің қатаң саясатын тарихта өзіндік орындары бар Британияның бұрынғы бас министрі Уинстон Черчиль және АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның қимылдарымен салыстырды. Рудольф Джулиани президент Буштың негізгі саяси қарсыласы Джонн Керриді сынап, Республикандық партияның ол жайындағы басты уәжін қайталады. Ирақ мәселесі сенатта 1991 жылы және 2003 жылы қаралғанда, Джонн Керри әр кезде әр түрлі дауыс берген, нақты шешімге келе алмаған деген дерек келтірілді. Сол сияқты Рудольф Джулиани терроризмге қарсы соғыс саясатында Германия сияқты кейбір еуропалық елдер бұлғақтады, бәлкім Джонн Керри солардың жетегінде кеткен шығар деп көрсетті.
Ирақ соғысын қолдағандардың арасында ерекше көзге түскен тұлғалардың бірі - Зейнеп Әл-Суаидж деген келіншек. Зейнеп Әл-Суаидж Ирақ тумасы, елден 1991 жылы қуылған, қазір Американ Ислам Конгресін басқарады. Бұл ұйым діни сабырлық нәсихатын жүргізеді. Зейнеп Әл-Суаидж Ирақ халқын Саддам Хұсейн отыз жылдан аса қанады, Саддам өз халқына қарсы соғыс жүргізді деп сипаттады. Саддамның орнынан кетірілуі Ирақ халқына демократиямен қауышуға жол ашты деді Зейнеп Әл-Суаидж:
- Президент Буштың аса үлкен жанашырлық басшылығындағы Америка ирақтықтарға ең қымбат сый
тартты, мұндай тартуды бір ел екінші елге берген емес. Бұл сый – демократия және өз болашағын өздері белгілеу мүмкіншілігі.
Сейсенбі күні жиында Калифорния губернаторы, белгілі киноактер Арнольд Шварценеггер және АҚШ-тың бірінші ханұмы Лаура Буш сөйлейді. Сәрсенбі күні негізгі баяндаманы сенатор Зелли Миллер жасамақ. Бір қызығы, Зелли Миллер бұрын бақталас партияның негізгі тұлғаларының бірі болатын, 1992 жылы ол Демократиялық партияның дәл осындай құрылтайында Билл Клинтонды қолдап негізгі баяндама жасаған. Сәрсенбі күні, сол сияқты, вице-президент Дик Чейни сөз сөйлейді. Ал бейсенбі күні мінбеге президент Буш шығады. Ол "қауіпсіздігі мықтырақ әлемді қалау, үміті кең Американы қалау" деген мағнада сөйлейді. Сөйтіп, Джордж Буш АҚШ президенттігіне үміткер болып ресми түрде атанбақ.