Сайлау қарсаңында Азаматтық партия мен «Ақ жол» партиясы белсенділері арасындағы жанжалдар жалғасын табуда. Бір жағынан, Азаматтық партия мүшесі, Парламент депутаты Мұхтар Тінекеевтің «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің үстінен түсірген шағым-арызы бойынша туындаған сот процесі тәмамдалмағаны мәлім болса, екінші жағынан Азаматтық партия төрағасы Азат Перуашевтің «Ақ жолдың» келесі теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаевтың өзін қорқытып-үркітпекші болды деп жұртшылыққа жариялауы газет беттерінде түрлі пікір тудырып отыр.
Азаматтық партия төрағасы Азат Перушаев пен «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаев арасындағы пікірталас телепікірсайстан кейін де жалғасын табуда екендігін хабарлайды «Московский комсомолец в Казахстане» басылымы. «Алдымен Перуашев журналистерге алдыңғы жұмада «Қазақстан» телеарнасы арқылы өткен телесайсыстан кейін Алтынбек Сәрсенбаевтың қоқан-лоққы көрсеткенін айтты. Алайда, Алтынбектің дәл неге риза болмағаны, не деп қорқытып-үркіткені, Перуашевтің неден қорыққаны түсініксіз күйінде қалды», - дейді газет тілшісі. Мақала авторы сонымен бірге Перуашевтің Сәрсенбаевты сотқа бермейтінгінің жеткізеді. Себебі екі партия серкелері арасындағы әңгіме оңашада, күәгерлерсіз болыпты. «Сонда сотқа ар-намысқа тиюдің айғақтарын ұсыну керек те, ал былайғы жұртшылық оларсыз-ақ барлығын талғамай жұта бере ме?» - дегенді алға тартады «Московский комсомолец в Казахстене» газетінің тілшісі. Оның айтуынша, Сәрсенбаевтың өзі Перуашевтің мәлімдемесін «өзіне назар аудартудың тәсілі» деп деп бағалапты.
«Теле пікірсайыстан кейін мен оған әріптесім Болат Әбілов туралы ерсілеу пікір айтқанын ескерттім. Егер Машкевич Қазақстаннан кеткетін болса, Перуашевтің өзінің, отбасының амандығына жеке жауап беруге даярмын», - депті Алтынбек Сәрсенбаев «Жас алаш» газетінде.
Алайда, «мына жағдайда біздің мәлімдемеміз – ешқандайда жарнамалық акция емес, мәселе өте күрделі қойылып отыр. Егер, құдай сақтасын, менімен немесе менің жақындарыммен бір нәрсе болса, мен бұған кім мүдделі екендігін білетін боламын», - депті Перуашев «Экспресс К» газетінде. Азаматтық-аграрлы блоктың келесі бір жетекшісі Ромин Мадиновтің сөзіне қарағанда, Перуашев теледода кезінде «Қазақстан халқы қолдан тамақ жемейді» деп айтып, «біреуді бұл елде жазықсыз соттағанын жақында ғана өзі істі болған адамнан естіп тұрғанын» тілге тиек етіп, таңданыс білдірген. Айта кететін бір жәйт, осы оқиғаларға алдыңғы парақтарынан үлкен орын берген «Жас алаш» пен «Экспресс К» газеттері екі партия басшысы арасындағы кикілжіңді сипаттауда өнер туындыларына да жүгініпті.
Мәселен, «Жас алаштағы» «Соқыртеке» мәлімдеме» деген мақала сайлау жақындаған сайын мандат үшін үміткерлер түрлі айла-шарғы пайдалануда екендігін айтып, «Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда», - деген Абайдың сөзімен түйінделсе, «Экспресс К» газеті «Демократияға қауіп» атты мақалада әйгілі «Сәттілік джентельмендері» фильмінен үзінді келтіре отырып, «Күресте барлық құрал жақсы. Бірақ демократия үшін күресте емес», - деген қорытынды жасалады.
Егер бұл текетірес сот жанжалынсыз жалғасатындығы мәлім болса, осы екі партияның келісі бір мүшелері Мұхтар Тінекеев пен Болат Әблов арасындағы сот кикілжіңі тоқтамағанын «Сөз» газеті «Тағы да кінәлі» деген мақалада хабарлайды. Газет мәліметтеріне қарағанда, Әбілов өзін кінәлі деп есептемегендіктен, жоғары тұрған сот орындарына шағымданбақ. Ал сот шешімі бойынша, ол Тінекеевке 5 миллион теңге төлеуі тиіс. Себебі, сот өз шешімін Әбіловтің үстінен шағымданған азаматтың «моральдық жағынан мүжіліп, ашуланып, өзін төмендеткенін күйініп, қолайсыз күйге түскендігімен» түсіндіргенін айтады «Московский комсомолец в Казахстане» газеті. Басылым сот шешімі күшіне енгеннен кейін Әбіловтің енді өз кандидатурасын ешқайда да ұсына алмайтындығын айта отырып, «Бутя 5 миллион теңгені төлей ме?» деген сұрақ қояды.
«Болат Әбілов өзіне жүктелген 5 миллионды төлемейтіндігін мәлімдеді», - деп хабарлайды «Жас алаш» газеті. Себебі, «сот шешімі биліктің ықпалымен шығарылған. Олар айыппұл көлемін де ұзақ ойланып шығарды», - дегенді айтыпты «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов «Жас алаш» газетінде.